«100 кітап оқу» акциясы
30 қазаннан -04 желтоқсан аралығында мектеп кітапханашысы, оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында, Колутон орта мектебі оқушыларына арналған «100 кітап жобасын» насихаттауға арналған іс-шаралар өткізді.
«Білім кілті-кітап " атты стендін жасап, «100 кітап" жобасын таныстырып, «Буккросинг» кітап бұрышын ұйымдастырды.
Оқушыларға 100 кітап жобасын таныстырумен қатар оларды оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін ойындар ойнатылды. Атап айтсақ, сурет бейнелеу – 100 кітап тізімі бойынша кітап атынан сурет салу, белгіленген поэзия – көне кітаптардан қызықты сөйлем құрау. Сонымен қатар, оқушылар «Өзің оқы-өзгеге табыста» атты атаумен, кітапханаға кітап сыйлау мақсатында өздері үйлерінде оқыған кітаптарын табыстады және осы жалғаса бермек.