"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

24.01.2018

Сабақ жоспары

 

Пән: математика

Сынып: 6 «а»

Күні: _17.01.2018__________

Сабақтыңтақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер түрін анықтай алу,шешу ережесін білу және түбірін табуға есептер шығару

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту,

оқушылардыңқұзыреттерін қалыптастыру,топпен жұмыс жасай білу

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдістері:жеке және топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: проектор,карточкалар

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру

1.    Үй жұмысын тексеру-ғарыш кемесі

2.    Қайталау сұрақтары-балық аулау,жолға азық

3.    №1 кедергі «Ереже» топпен жұмыс

4.    №2 кедергі «Оқулықпен жұмыс №837» (жеті керемет)

5.    С/с

6.    №3 кедергі «теңдеу шешу» №849

7.    Үй жұмысы

8.    Тест-балама (иә,жоқ)

9.    Бағалау

 

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Үй жұмысын тексеру-ғарыш кемесі. №847 1) -2 2) -2/3 3) -2 1/7 4) 8/9

3.Қайталау сұрақтары-балық аулау,жолға азық.

Сұрақтар: 1. Сызықтық теңдеуге мысал келтір.

2. Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

3. 2·х=0 Х-? 4. 0·х=0 Х-? 5. 0х=0 Х-?

6. Теңдеуді шеш: 3·х=-6

7.Теңдеуді шеш:-6·х=-6

8. Теңдеуді шеш: -3·х=12

4. №1 кедергі «Ереже» топпен жұмыс.берілген уақыттың ішінде орындап болған соң,

тақтадағы дұрыс жауаппен бір-бірін тексереді.

1 тапсырма. Бос орынға қажетті сөзді жаз.

Мәндес теңдеулер дегеніміз- түбірлері бірдей теңдеулер.

Мысалы 2х+4= 10 және 4х-12=0 түбірлері бірдей, бұлар мәндес теңдеулер.

2 тапсырма. Бос орынға қажетті сөзді жаз.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу үшін берілген теңдеуді

түрлендіріп,ах=в түріне келтіреміз.Ол үшін келесі қасиеттер қолданылады:

1 қасиет.

Теңдеудегі қосылғыштардың таңбасын қарама-қарсы таңбаға

өзгертіп,осы теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіруге болады.

2 қасиет.

Теңдеудің екі жағында 0-ден өзге бірдей санға көбейтуге немесебөлуге болады.

3 тапсырма. Бос орынға қажетті сөзді жаз.

ах=в теңдеуінің түбірін табу үшін

1.    а≠0 болса, теңдеудің екі жағында а-ға бөліп, х= теңдеуін жазамыз, теңдеудіңбір ғана түбірі болады.

2.     а =0, в≠0 болса, теңдеу 0х=в түрінде жазылады.Теңдеудің түбірі болмайды.

3.     а =0, в=0 болса, теңдеу 0х=0 түрінде жазылады.Теңдеудің түбірі шексіз көпболады.

5.№2 кедергі «Оқулықпен жұмыс №837» (жеті керемет)

1) х=2000 б.з.д. мысыр пирамидалары салынған ғасыр.(шағын мағлұмат)

2) х=430 б.з.д. Галикарнастағы Мавзолей салынған ғасыр

3) х=7 б.з.д.Эфесте Артемиада храмының салынған жылы

4) х=4 б.з.д Олимп жерінде Зевс статуясының салынған жылы

5) х=550 б.з.д Вавилонда Семирамида аспалы бағы салынған ғасыр.

6) х=292 б.з.д Родостағы Гелиос статуясының салынған жылы.

7) х=280 б.з.д Александрия маягының салынған жылы.

6.С/с

7. №3 кедергі «теңдеу шешу» №849 тақтада жеке жұмыс

1) х= 1976 2) х=37,5 3) х=3,8

8.Үй жұмысы: №850

9.Тест. Екі нұсқамен (Өзін-өзі тексеру)

10.Бағалау

 

 

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст