Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа. Б.Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты: Б.Соқпақбаевтың шығармашылығымен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: Мәтін мазмұны мен идеясы арқылы баланың шындыққа көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беру. Сыни ойлау дағдысын дамыту.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Мәтін мазмұны бойынша талдау арқылы шығармашылық
қабілеттерін ұштату.
Тұлғалық нәтиже: Мәтіннің көңіл күйін, автордың көзқарасын танып білуге қабілеттерін жетілдіру. Көркем сөйлеу тілін,ойын,шығармашылық қиялын ұштай түсу.
Қоршаған ортасына мейірімділікпен қарауаға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікір – сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: жүйелеу,талдау
Сабақтың көрнекілігі: Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы,мәтіннің желісі бойынша салынған сюжетті суреттер.Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді.Автордың суреті.
Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі
- Балалар бүгінгі көңіл – күйлеріңіз?
- Тамаша.
I топ –Алғыр. II топ –Тапқыр.
-Біздер бүгін, топтарымыздың атын не себептен бұлай алғанымыз, әдебиеттен «Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен» атты тарауға байланысты алып отырмыз.Сендердің бойларыңда осындай қасиеттерге толы болғандықтан, өздеріңді осылай бөлдім.
-Балалар топтың ережесін еске түсіріп жіберейікші.
1. Тәртіп2.Тыныштық 3.Талап4.Бір – бірімізді тыңдау
- Сонымен бірге, балалар бір – бірімізді бағалап отырамыз.
-Әрбір бөлігінде тапсырмалар беріледі.Біз ол үшін белсенді қатысып отырайық.
1-тапсырма: үй тапсырмасы және қораптағы сұрақтарға жауап айт.
Үй тапсырмасын оқушылар сабақты кезектесіп айтады.
Қызығушылығын ояту. 2 –тапсырма.
Бейне таспаны тамашала
Жаңа сабақ (кинодан үзінді Қожаның өзін – өзі бағалауы)
-Балалар ,бұл қандай фильм?Кім туралы?
-Қожа қандай бала?
-Одан жақсы адам шығады деп ойлайсыңдар ма?(Оқушылар өз ойларын айтады)
-Балалар,әрбір кинофильмдер белгілі бір жазушының шығармасы желісінде түсіріледі.
Дәптермен жұмыс. Осы кинофильм «Менің атым Қожа» көркем шығарманың авторы Бердібек Соқпақбаев.Ал фильмнің режисері Абдолла Қарсақбаев.
-Балалар үйден автор туралы мәлімет жинақтап келу тапсырылған еді. Ал кім айтады?
Мұғалім:
Режисер дегеніміз кім деп ойлайсыңдар?
Дәптермен жұмыс: -«Менің атым Қожа» Бердібек Соқпақбаев
-Осы бейнефильмнен тағы не байқадыңдар?
3- тапсырманы орындайық.
Оқулықпен жұмыс.
І топ: Кешкі астан кейін төр үйге кіріп. Ал сөйле батырым.
ІІ топ: Ол тәртіпсіз бұның бәрін қалжың деп ойлайтын болу.
Ақыры төмендегідей бірауыздан қаулы қабылдайды.
І топ: Қаулы Қадыров Қожаның Ендігәрі бұл қылығым қайталанбасын.
Жоғары тауық базға демалыстан екі рет жүгіріп барып келем.
ІІ топ: Үшінші соңына дейін. Тізбектеп ауызша айтқызу.
Сөздікпен жұмыс:
Қаулы- жиналыстың шешімі.
Келекелейді - мазақтайды
4- тапсырма: Сергіту сәті. (фильмнің қызықты сәттерін тамашалау) .
5-тапсырма:
Шығармашылық тапсырма:
І топ: Қожаға мінездеме беріңдер.
ІІ топ: Кеңестің қаулысы бойынша Қожаның бойындағы басты қандай кемшіліктер аталды?
І топ: Венн диаграммасы Сұлтан Ұқсастығы Қожа
ІІ топ: Көрініс көрсету. Диалогтерді тауып, рольге бөліп ойнап шығу.
Топтық жұмысты қорытындылау: (қосымша)
1. Қожаның жақсы адам боларына сенер ме едің?
2. Қожаның орнында болсаң өзің не істер едің?
3. Сендердің іштеріңде «Мен Қожаға ұқсаймын» дейтіндерің бар ма?
4. Адамның өзін-өзі сынауы оңай ма?
Мұғалім сөзі:
-Балалар, өздеріңнің іс-әрекеттерің Қожаға ұқсаса да, үлкейгенде сендерден «үлкен» азамат шығады деп ойлаймын. Бердібек аталарың сияқты бірің жазушы болсаң, енді бірің ғұлама
ғалым, ел тілегін ақтайтын Қазақстанның азаматтары мен азаматшалары болатындарыңа сенемін.
Рефлексия:
-Бердібек Соқпақбаев туралы не білдік?
-Негізгі басты кейіпкер кім?
Бүгінгі сабаққа барлығыңызда белсене қатыстыңыз
Үй тапсырмасы: «Менің де атым Қожа» атты фильм туралы қосымша мәлімет алып келу. Мәтінді оқу.