Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақ тілі |
Мектеп:«Колутонорта мектебі» КММ-і | |||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Зиябай Бахытбек | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: 4 |
Қатыспағандар: 0 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Автокөліктер тарихы | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.О5.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. 5.О7. Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар:Мәтінді оқып мазмұнын түсіне алады. Көптеген оқушылар:Оқу ресустарын қолданып, ақпаратты анықтай алады. Кейбір оқушылар: Берілген ақпараттарды талдайды, себептерін анықтайды, сұрақтар құрастыра алады. | |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
· негізгі ақпараттарды анықтайды; · ақпарат көздерінен қажетті материалдарды таңдайды; · ақпараттарға бағытталған сұрақтар құрастырады. | |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Сөздер мен сөз тіркестер: Тежегіш,дөңгелек,қозғалтқыш,тізгін(руль), автокөлік есігі.
Пән лексикасы және терминология: Шанақ, станоктар, тығыздағыштар,трансмиссия
Диалог және шығарма жазу үшін қажетті сөз тіркестер: Көлік атаулары, жүк көлігі, жеңіл көлік, отандық көліктер, іштен жанғыш қозғалтқышы.
| |||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Түсіну, қолдану. | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар |
• Мәңгілік ел құндылықтары: Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
АКТ, әдебиет, физика, тарих. | |||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары |
Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдалану үшін интербелсенді тақтаны қолданады. Оқылым тапсырмасына смартфон, ноутбук, планшет қолданады. | |||||||||||||||||||||||||
Алдыңда меңгерілген білім |
Жол-көлік оқиғалары. | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дерек көздер | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
0-2 мин
2-4 мин
4-5 мин |
Сәлемдесу. Ширату жаттығуы. Оқушыларға 01-16 аралығында сандар жазылған жетондар таралып беріледі. Оқушылар көлік нөмірлеріндегі соңғы екі санның қай аймаққа тиесілі екенін табу керек.
Астана қаласы – 01Алматы қаласы – 02 Ақмола облысы – 03Ақтөбе облысы – 04 Алматы облысы – 05Атырау облысы – 06 Батыс Қазақстан облысы – 07 Жамбыл облысы – 08 Қарағанды облысы – 09 Қостанай облысы – 10 Қызылорда облысы – 11Маңғыстау облысы 12 Оңтүстік Қазақстан облысы – 13Павлодар облысы – 14 Солтүстік Қазақстан облысы – 15Шығыс Қазақстан облысы – 16 Топқа бөлу Түскен аймақтарға қарай оқушылар 4 топқа бөлінеді: · Оңтүстік · Солтүстік · Батыс · Шығыс Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын, жетістік критерийлерін таныстыру. |
Жетондар
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 мин
10-20 мин
20-26 мин
26-33 мин
Мұғалімнің кері байланысы
|
Оқылым алды тапсырма. «Шеңберге жиналу уақыты»әдісі. Оқушылар бөлме ортасында шеңбер құрып отырады, оларға сұрақ/тақырып/тұжырым беріледі. Егер белгіленген затты ұстамаса, шеңбердегінің ешқайсысы сөйлей алмайды. Бұл кез келген зат болуы мүмкін, мысалы, кішкентай шар, жұмсақ ойыншық, немесе маркер. Жауап не жеке пікірді, не қарсы дəлелді білдіруі мүмкін немесе өз сұрағы қойылады. v Көліктің қандай түрлері бар? v Көп қолданылатын көлік түрлері қандай? v Ата-бабамыз қандай көліктерді қолданған? v Келешекте қандай көліктер пайда болуы мүмкін? v Қалай ойлайсыздар, бензинмен жүретін көліктер тиімді ме, әлде газбен жүретін көліктер ме? Оқылым:Берілген сілтеме бойынша өтіп, мәтінді оқиды. 1 топ - «Тұңғыш автомобиль».http://bilim-all.kz//uploads/images/2016/02/24/original/36fb4d6589c502c68e1088db6f065d24.jpg
2 топ- «Автомобиль тарихы».
1 топ- «Көлік тарихынан 10 ақпарат»
http://reactor.inform.kz/kz/avtokoliktin-zhalpy-tarihy-a5830 2 топ- «Қазақстанның көлік жүйесі»http://kerekinfo.kz/blog/12589.html
Ж. «Шындық па, жалған ба?» әдісі. Әр оқушыға парақша беріледі. Анықтаманың шындық немесе жалғандығын анықтайды.
ЖЖ. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды жұппен анықтаңыздар.
ТЖ. «Себеп-салдар диаграммасы» стратегиясы. Топпен мәтін бойынша тірек сөздер арқылы сұрақтар құрастырады.
?
?
?
?
?
?
? ?
Дескрипторлар: v Тірек сөздер арқылы сұрақ құрай алады. v Жұппен жұмыс жасай отырып, негізгі және қосымша мәліметтер таба алады. v Құрастырған сұрақтарын мәтінмен сәйкестендіре алады.
ØЖалпы көліктер тарихы жайында ақпарат алдық деп ойлайсыздар ма? Ø Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде, графикалық органайзер, кесте қолданғанда қиындықтар байқалды ма? Ø Қалай ойлайсыздар, елімізде ұшатын көліктерді пайдалану қолайлы бола ма екен? Ø Отандық өндірісті қолдауға қазақстандықтар қалай үлес қосып жатқаны туралы ойларыңыз? |
Маркер
Ноутбук, смартфон, планшет.
Энциклопедиялар, газет-журналдар
кесте
Графика- лық органайзер диаграмма
кестелер
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 33-38мин
37-39 мин
39-40 мин |
Рефлексия. «Миыңның суретін сал» әдісі бойынша білімдерін тексереді. Оқушылар мидың суретін дəптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.
Бағалау. «Бағдаршам» әдісі.
Үй жұмысы: «Келешектің кемел көліктері». 1. Сурет салуға бейімді оқушылар сурет салыңыздар.. 2. Ақпараттар жинақтап, ребус құрастырыңыздар. 3. Ресурстар таңдап алып, сұрақ дайындаңыздар. |
Парақша
Сурет
Бағдаршам суреті. | ||||||||||||||||||||||||
|