Текст
16.10.2019, 9-11 сынып оқушылары тәтті тағамдар көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырды. Оқушылардың ата-аналары мен әжелері неше түрлі тәттілер дайындады: печеньенің түр түрі, әр түрлі тоқаштар, торттар, кекстер, пирогтар мен құймақтар және тағы басқа тәтті тағамдар болды.. Жәрмеңкеге келген барлық оқушылар мен мұғалімдер оқушылардың ата-аналарымен бірге дайындаған әр түрлі тәттілермен тамақтана алды. Түрлі ыдыстарға салып қойған тәтті тағамдардың түр түрі көздің жауын алды. Мұның барлығы санаулы минуттарда ғана таралды. Мектеп дәлізінде қуанышты әсердегі және бір бірімен жәрмеңкедегі тәтті тағамар жайлы тамсана сөйлесіп келе жатқан оқушылар кездесті.