Текст
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.
Қуыршақтар уйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды
Ал, қозы мен құлыншақ
Ұйықта десең ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса
Осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса,
Тұрғызамын бұрышқа!
2019 жылдың 11 қазан күні "Менің сүйікті қуыршағым" атты 0-5 сыныптар арасында қуыршақтар көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар үзіліс кезінде өздерінің қуыршақтары туралы сөз сөйледі.