"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттар күніне орай "Ата-әжемнің әңгімесі" сынып сағаты

01.10.2019

30.09.2019 "Колутон орта мектебі" КММ-нің 2 "А" сынып жетекшісі Абдрахманова С.К. қарттар күні мерекесіне орай "Ата-әжемнің әңгімесі" тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Тақырыбы: «Ата-әжемнің әңгімесі» 
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Барысы:

І Ұйымдастыру

 а/ Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?    (әже)

ІІ. Негізгі бөлім
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.

Қымбатты ақ жаулықты әжелер  2 -сынып оқушыларының қатысуымен  1  қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған   тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Мұғалім:Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.


Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.

Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.

ІІІ бөлім: Оқушылардың сұрақтары.

Әже әңгімесі.

 

Ойын: «Сен әжең туралы көп білесің бе?»

Ойын: «Әжең сен туралы не біледі?»

Слайд «Менің әжем» дайындаған Нұралы

Найля: Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,

Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекен ұзағына бола берсің,
Үй-ішің немере, шөбереге тола берсің!

Самира:  Әжетай, мейірің көп таңдандырған,
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямыдың,
Өзіңе борышы көп балалардың

Қарақат: Аман болсын басыңыз,

 Ағармасын шашыңыз

 Шөбере сүйіп әлі де,

 Жүзге жетсін жасыңыз.

 

Ән: «Мен ауылға барамын»

Әжелерден бата сұрау.

Қорытынды:  әжені мейраммен құттықтап, сыйлық сыйлау .

 

Просмотров: 857


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст