«Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысы.
Мақсаты:
Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Көрнекілігі: рәміздер, кеспе қағаздар, қанатты сөздер
Сабақтың эпиграфы:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренгенің жөн болар
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Байқауға қатысушыларды тіркеу.
3.Қазылар алқасын сайлау.
* Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! «Тілден терең теңіз жоқ» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осындай мақсатпен біздің колледж ішіндегі топтардың арасына «Тілден терең теңіз жоқ» атты сайысы ұйымдастырылып отыр.
Олай болса бүгінгі біздің сайысымыздың әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4.________________________________________________________________
5._________________________________________________________________
«Тілден терең теңіз жоқ». зияткерлік сайысына қатысушы топтармен таныс болыңыздар:
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
ІІ.Негізгі бөлім Таныстыру кезеңі
1. «Зымыран сұрақтар»
2. «Жеті жұрттың тілін біл»
3. «Сөз мәйегі мақал»
5. «Жүйрік болсаң, шауып көр» жұмбақ
ІІІ.Қорытынды бөлім
Жеңімпаздарды марапттау
І.Зымыран сұрақтар.
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп сайысымыздың бірінші кезеңіне өтеміз.Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І топ
1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
4. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)
10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
ІІ топ
1. Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
3. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
7. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған кү
4. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
Әдемі сөзінің синонимин ата
10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздерге мысал келтір
Жүргізуші: Жеті жұрттың тілін біл» кезеңі
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Әр топқа 5 жұмбақ жасырылады. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
І топ
1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
ІІ топ
6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян - заяц - carrot)
7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ. (Мысық - кот - cat)
9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)
Сөз мәйегі - мақал
Мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.
І топқа:
1. Ең тәтті де тіл,… (ең ащы да тіл)
2. Оқу- білім бұлағы, … (білім- өмір шырағы)
3. Өнер алды… (қызыл тіл)
4. Ашу-дұшпан, … (ақыл-дос)
5. Тіл қылыштан … (да өткір)
6. Отан … (оттан да ыстық)
ІІ топқа:
1. Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің тілі ортақ)
2. Отансыз адам- … (ормансыз бұлбұл)
3. Ер жігіт елі үшін туады, … ( елі үшін өледі)
4. Мектеп- кеме, … (білім-теңіз)
5. Жақсы жолдас жанға серік, … (жаман жолдас малға серік)
6. Қыз елдің көркі,… (гүл жердің көркі)
Қорытынды
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу
Қорытынды сөз әділқазылар алқасында.
Мұғалім: Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімде-кім?
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!
Тілім менің, тілім менің – тірлігім!
«Тіл – байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл – біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ, барымыз. Тіл мерейі – ел мерейі. Ана тіліміздің мерейі үстем бола берсін!» – дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін.Осы сайыста сендер өздеріңнің алған білімдеріңді ,өнерлеріңді көрсете білдіңдер.Сайыс болғаннан кейін жеңген де жеңілген де болады.Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап,биіктерден көрінуге тілектеспін!
Өткізген: Шокыбаева А.К