"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысы

09.09.2019

09.09.2019 в КГУ «Колутонская средняя школа» Аксеитова А.Б. и Шокыбаева К.К. провели конкурс стихотворений  «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» посвященный  175-летию со дня  рождения Абая Кунанбаева. В конкурсе приняли участие учащиеся 5, 7, 11 русских классов. Ребята выразительно и эмоционально читали стихотворения Абая. Первое место заняли учащиеся 11-класса Дьяенко Валентина и Токешов Адильбек, второе место – учащиеся 7-класса Балгабаева Сабина и Мажит Гулназ, третье место – ученица 5-класса Алехина Лиана.

 

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты мәнерлеп оқу сайысы.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

 

Көрнекіліктер: Абай портреті, слайд, кітап көрмесі.

 

Жүргізуші:

 

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Жүргізуші:

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек,

1. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).

2. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.

3. Абай әндері нақышына келтіріп айту.

Жүргізуші:

Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар. (Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтеді).

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.» - дей отырып, сайысымызды бастайық!

 

Оқушылар кезекпен шығып, дайындаған өлеңдерін оқиды.

Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын

Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық.

(Әділқазылар сайыстың шешімін оқиды.)

 

Жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осыменен байқауымыз аяқталды!

Назарларыңызға көп рахмет!

    ​ 

Просмотров: 996


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст