«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» апталығына орай өткізілген іс-шараның есебі.
Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.
Іс-шараның әдісі: Топта пікір алмасу, сұрақ-жауап, дәлелдеу.
Барысы:
Қоғам үшін бастысы – тәуелсіздік, адам үшін – бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адам және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Сұрақ-жауап айдары.
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
2. Бала құқығы дегеніміз не? (Түрлері)
3. Бостандық дегенді қалай түсінесіңдер?
Топпен жұмыс.
1-топ. «Бүлдіршіндер»
2-топ. «Жауқазындар»
Шығармашылық жұмыс.
«Жауқазындар» тобы тақырыпқа сай коллаж жасады, ал «Бүлдіршіндер» тобы газет шығарды.
«Бүлдіршіндер» тобынан Ерасыл мен Ерхан газетке түсірілген материалдарын талдап, қорғады. Газетке өлең жолдарын және тақырыпқа сай демалыс кезіндегі балалардың достармен бірге ойнау, достасу, т.б. бала құқықтары туралы ойларын еркін айта білді.
«Жауқазын» тобынан Аяжан мен Айым коллаж жасау барысында түрлі газет-журналдардан тақырыпқа сай суреттерді таңдай отырып, топта өзара ұйымшылдықпен, жауапкершілікпен тиянақты түрде орындады.
Коллаж құрастырудың мақсаты: балалардың бос уақытында достармен бірге уақыт өткізу, ойнау, серуендеу сияқты шығармашылық ізденістерін дамыта отырып, эстетикалық талғамын арттырды.
Қорытынды.
Әрбір бала тынығуға және мәдени демалуға құқлы, әр баланың ой-пікірін айтуға, тыңдауға құқылы екені белгілі.