Сабақтың тақырыбы: Табиғи ресурстардың жіктелуі
Мақсаттары: 7.5.1.1 -табиғи ресурстарды жіктейді
Білу және түсіну
Табиғат ресурстары мен оның түрлерін біледі.
Қолдану
Суреттер арқылы табиғат ресурстарының атын, өндірілетін жерін, қолданылуын сипаттай алады.
Тақырыптық карталарды қолдану арқылы табиғат ресурстарының таралу аймақтарын анықтай алады;
Шартты белгілерді пайдалана отырып, табиғат ресурстарын кескін картаға түсіре алады.
Талдау
Табиғат ресурстарының әркелкі таралу себептерін аргументтер келтіру арқылы талдайды.
1. Миға шабуыл
Оқушылардң өздері айтқан табиғат ресурстарын топтарға жіктеп көреді. Нәтижесін ортаға салып, ортақ бір
сызбанұсқа шығарамыз.
Сарқылатын және сарқылатын қалпына келетін ресурстарды кестеге толтырады.
2. Сыныппен жұмыс: Тақтадан құтыдағы су, сіріңке, әшекей бұйымдар, мысалы алтын жүзік немесе күміс сырға, қойылады. Осы заттарға қарап, оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді
2. Сыныппен жұмыс
2. Сыныппен жұмыс : Тақтадан құтыдағы су, сіріңке, әшекей бұйымдар, мысалы алтын жүзік, сырға берілген. Осы заттарға қарап, оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді
1.Қай ресурс түріне жатады?
2. Бұл ресурс шығу тегі бойынша қай топқа кіреді?
3. Бұл ресурстардың маңыздылығы неде?
4. Жұптық жұмыс:
Оқушылар тақтада ілулі тұрған суреттерді таңдап алу арқылы төмендегі критерийлер бойынша жұмыс жасайды:
Ресурстың аты;
Жаратылысы бойынша қай топқа кіреді?
Өндірілетін жері (ірі бассейндері);
Қолданылуы (қай салада);
Кескін картаға таралу аймақтарын түсіру;
Неліктен дәл сол жерде кездеседі?
Ол ресурс сіздің өлкеңізде кездеседі ме?
Дәптерге осы ресурстың таралуына қатысты 5 сөйлемнен тұратын қорытынды жазу
Ұсынылатын суреттегі ресурстар:
Мұнай;
Көмір (тас көмір);
Темір;
Табиғи газ;
Мыс;
Алтын;
Кері байланыс
Үй жұмысы: «Табиғи ресурстар» альбомын жасау. (Жұппен немесе жеке жасауына болады. Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі.) Альбомға қойылатын критерийлер:
Титул беті болуы керек;
10 түрлі ресурс түрі қамтылу керек;
Әр ресурстың суреті және шартты белгісі болуы керек;
15 сөйлемнен тұратын ақпарат (ресурстың физикалық ∕ химиялық ерекшелігі, пайдалану саласы) болуы керек;
Бағалау парағы