Қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс іс-шара "Білгірлер сайысы"
Күні: 15.02.2019
Сыныптар: 9 "Б", 10 "Б"
Өткізген: Молдагайсина Н.О.
Шокыбаева К.К.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Білгірлер сайысына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың тақырыбы: Қазақ тілі – мақтанышым!
Мақсаты:
1.Тілдің қоғамдық – әлеуметтік қызыметін таныттыру, тіл мерейін көтеру;
2.Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3.Ізденімпаздыққа,шешендікке, ізгілікке, шапшаңдылыққа, тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
Сайыс кезеңдері:
Таныстыру
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»
«Ойлан,тап!»
«Сен,білесің бе?»
«Кім жылдам»
«Сөйлем құрастыру»
Қорытынды.
Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты таныстыруға рұқсат етіңіздер. Алдарыңызда Болашақ тобы және Білгірлер тобы
Ойынның кезеңдерімен таныстыру.
Әділқазы мүшелерімен таныстыру.
-Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Білімдерін паш етіп сайыскерлер,
Сәті келіп қалғандай танысатын – дегендей сайысымыздың 1 кезеңі.
1-кезең «Таныстыруды» бастаймыз.
(әр топ өзінің тобын,мүшелерін таныстырады)
Жеребе алу.
2-кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әр ойыншыға әріптер беріледі. Берілген сұрақтардың жауаптарын тек сол әріптен бастаймыз.
1 команда сұрақтары.
Атың кім?
Мектепке немен барасың?
Досың қандай адам?
Қазақ тілі сабағы қалай өтеді?
Абай Құнанбаев кім?
Үйіңде не бар?
Қыз бала қандай болу керек?
Көршіңнің аты кім?
Қай қалада тұрасың?
2 команда сұрақтары.
Фамилияңды айт.
Өзің нешедесің?
Қай обылыста тұрасың?
Досыңның аты кім?
Қазақ тілі сабағынан қандай баға аласың?
Шкафтың ішінде не бар?
Ер жігіт қандай болу керек?
Үйде ақша табатын кім?
Мектебіз неше қабатты?
3 кезең «Ойлан, тап!»
Әріп жұмбақтарды шешу
Әкеңде бар
Атаңда жоқ
Тәтеңде бар
Апаңда жоқ (ә)
Жоқта бар
Барда жоқ
Шоқта бар
Талда жоқ (қ)
Тауда бар
Таста жоқ
Жауда бар
Доста жоқ (у)
Құрықта бар,
Сырықта жоқ
Құдықта бар
Қырықта жоқ (ұ)
Күнде бар
Айда жоқ
Түнде бар
Таңда жоқ (ү)
Қылда бар
Жүнде жоқ
Жылда бар
Күнде жоқ (ы)
Жақанда жоқ
Жаһанда бар
Қапанда жоқ
Қаһарда бар (һ)
4 кезең «Сен ,білесің бе?»
Тақтада ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдау.
ұяшық.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?(9) 4
ұяшық .Қазақ алфавитінде неше әріп бар?(42 әріп) 3
ұяшық.Зат есімнің ережесін айтып бер? 5
ұяшық. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы. (Абай Құнанбаев) 3
ұяшық .Қазақ тілінде неше септік бар?(7) 3
ұяшық. «Оқушы» сөзін жіктеңдер 5
ұяшық. «Кел,балалар оқылық»өлеңінің авторы.(Ы.Алтынсарин) 3
ұяшық. Етістіктің ережесін айтып бер. 5
ұяшық. Сын есімнің ережесін айтып бер. 5
ұяшық. Септіктерді сұрақтарымен бірге ата. 4
ұяшық: «б» дыбысына фонетикалық талдау жаса. 4
ұяшық: «Екібастұз» сөзі неше түбірден құралған? Ол қандай сөз? 4
Әрбір толық жауап 10 ұпай,толық емес 5 ұпай
5 кезең «Кім жылдам?»
Мақалдарды аяқта.
Отан от басынан басталады
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Көп оқыған көп біледі
Өмір үлкен мектеп
Оқу білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Әкеге қарап ұл өсер
Анаға қарап қыз өсер
Мектеп кеме
Білім теңіз
Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білесің
Табиғат жер байлығы
Батырлар ел байлығы
6 кезең. «Сөйлем құрастыру»
1 сөйлем: Елтаңбамыздың ортасында шаңырақ бейнеленген.
2 сөйлем: Әрбір адамның міндеті мемлекеттік рәміздерді сыйлау.
3сөйлем Қазақстан ірі мемлекеттердің бірі.
4 сөйлем Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз бейнеленген.
Қорытынды.
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
Сау болыңыз!