Пәні: қазақ тілі |
Сынып: 2 «Б» сынып |
Күні:13.02.2019 ж |
Мұғалім: Джаканова А.А |
||
Сабақтың тақырыбы: |
Мен шырын ішемін |
|
Мақсаты: |
2.1.3.1 * - тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау2.2.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қою, диалогке қатысу барысында этикет сөздерді қолдану2.3.2.1 - шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың/сөйлемдердің мағынасын түсіну2.4.5.1 - мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді дұрыс жазу |
|
Сабақтың мақсаттары: |
Барлығы: қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды Көбі: тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді Кейбірі: оқиғаларды түсінеді және сипаттайды |
|
Күтілетін нәтиже |
Жемістерді сипаттайды, суреттерді сәйкестендіреді |
|
Жаңа сөздер: |
Шырын, тәтті, ішу, алма, анар |
|
Қолданылатын әдістер |
Түсіндіру, сипаттау, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, диаграмма, «Жеке әңгіме» техникасы |
|
Керекті – құрал жабдықтар |
А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер мен маркерлер, альбомдар, желімқағаздар. |
|
Дереккөздері: |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік |
|
Сабақ барысында мұғалім мен оқушының іс-әрекеті |
||
Тапсырма |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдесемін, түгендеймін. |
Қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. |
Өткен сабақты тексеру |
Үй тапсырмасын тексеремін. Кемшіліктерді анықтаймын, түзетемін, бағалаймын. |
Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтаға жауап береді. |
І Қызығушылықты ояту |
Оқушыларды жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, тақтада «шырын» сөзіне ассоциограмма құрғызамын. |
Оқушылар ассоциаграмма құрайды. |
ІІ Мағынаны тану |
1.Сөздікпен жұмыс. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын, аудармасын айтамын. Оларды оқимын, оқушыларға қайталатамын. Шырын-сок Тәтті-вкусный Ішу-пить Алма-яблоко Анар-гранат |
Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
|
Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырамын, бірнеше рет қайталатамын. ТәттіІшемін [ішем]Шырын |
Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
|
2.Мәтінмен жұмыс. Тыңда. Қайтала.Оқы.Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатамын, сөздердің мағынасын түсіндіремін. Біз үзілісте асханаға барамыз. Асханадан шырын ішеміз. Маған алма шырыны ұнайды. Алма шырыны тәтті. Анар шырыны тәтті емес. |
Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды. |
|
3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. 1-тапсырма. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатамын. Суретке сәйкес сұрақтар қоямын. Бұл – алма шырыны ма? Апельсин шырыны тәтті ме? Анар шырыны тәтті ме? |
Оқылым. Сұрақтарғажауап береді |
|
2–тапсырма Суреттерді сәкестендір. Ата. Үлгі: Бұл – алма. Алма шырыны тәтті. |
Суреттерді сәйкестендіреді. |
|
3-тапсырма. Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатамын. Әріптерден сөз құрастырып жазу. Берілген әріптер: Ы Ш Ә Р Н А М І И Т Л |
Жазылым .Әріптерден сөз құрастырып жазады. |
|
4.Сергіту сәті. Қимылмен көрсету арқылы сергіту жаттығуын жасатамын. «Не тәтті?»ойын |
Айтылым.Мұғаліммен бірге қайталайды, сер гіту жаттығуын жасайды. |
ІІІ Ойтолғаныс |
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатамын.Сурет бойынша диаграмманы толтыру. |
Диаграмманы ойлап табады. |
ІV Бекіту |
«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқимын, талдатамын. Мен тәтті шырын ішемін Мен анар шырынын ішемін. |
Сөйлемдерді оқиды, талдайды, жаңа сөздерді қайталайды. |
V Бағалау |
Формативті бағалау. |
|
VІ Үйге тапсырма |
Жазу дәптерімен жұмыс. |
Жазу дәптерінде берілген тапсырмаларды орындайды. |
VІ Рефлексия |
«Сиқырлы доп» |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтып береді |