"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сән әлеміндегі "Сымбат"" қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

12.02.2019

Ашық сабақ

Пән: Қазақ тілі

Күні: 12.02.2019

Сынып: 11 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Сән әлеміндегі «Сымбат». 

Сабақтың мақсаты:

- қазақ халқының ұлттық киімдері туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын қалыптастыру. 
- тақырыпты өрбітіп, ауызекі сөйлей білуге, мәнерлеп оқуға  үйрету, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу. 
- ұлттық киімнің қадір-қасиетін түсінуге, бағалауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • «Сымбат» сән академиясы туралы ақпарат алады;
  • Сабақ мазмұнында кластер дайындайды;
  • Тақырып мазмұнында ойлаудың қырларын түсінеді;
  • Топтық жұмыс арқылы өзін-өзі дамытады, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Әдіс-тәсілдері: «Ойлан жұптас талқыла», критериалды бағалау, « Кір жаятын жіп», «Қысқа-тест.» «ойлаудың алты қалпағы», « Бағдаршам» «комплимент айту», «кластерлер», шығармашылық жұмыс дайындау, сергіту, «өзін- өзі бағалау» 

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ұлттық киім үлгілері.

 Сабақтың түрі: жаңа сабақ 

Сабақтың пән аралық байланысы:   қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері,тарих .

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі 1 Психологиялық ахуал тудыру. «Жүректен жүрекке» 

2. Топқа бөлу. /жетондар арқылы/ 

ІІ Қызығушылықты ояту. «Жұмбақтар сыр шертеді» 

Сабақтың тақырыбын анықтайды. Сиқырлы қорапшалардағы жұмбақтарды шешеді

1. Қылдырақтай бір нәрсе иретілген

Мойнында ұзын арқан сүйретілген.  /ине мен жіп/
2.  Қолымда бір құсым бар екі басты,

Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. /қайшы/
3.  Дөңгелек өзі, төртеу көзі,
Ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан. /түйме/

4. Ортасы күмбез.
Іргесі тегіс-ті.
Күннен қорғайды,
Шындағы егісті.
/Қалпақ/

5. Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ.
/Көйлек/

6. Киімдегі қуыс,
Ұсақ-түйекке ыдыс.
/Қалта/

  • Бір сөзбен айтқанда бұл жұмбақтар не туралы?
  • Өздерің білетіндей, бұл жұмбақтар қазір өтіп жатқан тарауға сәйкес келіп тұр. Бұған дейін біз қазақтық ұлттық нақыштарын өттік.
  • Қандай қазақи киімдерді білесіңдер? Сурет бойынша киімдерге қысқаша сипаттама беру.

Үй жұмысын тексеру: «Менің ойымдағы мектеп формасы» 

ІІІ Сабақтың негізгі бөлімі.

Мәтінмен таныстыру. «Сән әлеміндегі «Сымбат»» 

«Сымбат» сән академиясы – қазақстандық және әлемдік жоғарғы деңгейдегі сән арасындағы көпір іспеттес. Ол қазақты ұлттық киімінің соңғы туындылары арқылы төрткіүл дүниеге паш етіп жүрген бірден-бір холдинг болып саналады. Ол өзінің өнімдерін безендіретін шығыстық, сондай-ақ қазақы нақыштағы ою-өрнектерімен Ресей, Еуропа сәнгерлерін таңғалдырып, өзіндік бет-бейне қалыптастыра білді.

Бастапқыда «Республикалық киім, аяқкиім және трикотаж үйі» аталған ол бүгінде бүкіл әлемге танымал холдингке айналған. «Сымбаттың» құрылуы республикадағы тұңғыш сән журналының және сән театрының ашылуына жол ашты. «Сымбат» сән журналы 1958 жылдан бастап жарық көре бастады. Ал 1987 жылы Қазақстанда тұңғыш сән театрының негізі қаланды.

35 жылдың ішінде сән академиясы әлемдік деңгейде өткен 40-тан астам халықаралық сән фестивальдарында өз көрсетілімдерін ұсынып, 30-дан астам мемлекеттің сән байқауларына қатысқан. 2000 жылы «Сымбат» «Бірінші халықаралық «Ұлттық костюмнің жоғарғы деңгейдегі сән үлгісі» байқауын ұйымдастырды.

Ол – Сібірде, Мәскеуде, Дубайда, Вашингтонда өтіп тұратын сән апталықтарының тұрақты қатысушысы. «Сымбат» ұлттық киім үлгілерін заманауи сән талаптарына сәйкестендіре отырып, соны, ерекше, айырықша киім дизайндарын жасаумен айналысады. Сондай-ақ академияның сән мамандары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының эталоны мен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың стандартын жасап шығарған.

Жыл

Оқиға

1947 ж.

тігін зертханасы негізінде құрылған

1988жылдан

Киім-кешек, аяқ киім және тоқыма бұйымдардың республикалық сән үйлері негізінде “Сымбат” сән және киім-кешек мәдениетін дамыту орталығы болып құрылды.

1987 ж.

“Сымбат” сән театры құрылды

1996 ж.

академияның жанынан сәнгер-құрастырушы шығармалық мамандар даярлайтын “Жоғары сән“ колледжі ашылды

1998 ж.

“Сымбат” сән бизнесі университеті ашылып, онда дизайнерлер, құрастырушылар, тігулі бұйымдар технологтары, маркетологтар даярлана бастады

 

3.1 Мағынаны тану «Ойлан, жұптас, талқыла» 

1) 1 топ. Адамның сырт киімдері туралы постер қорғайды.
2 топ Адамның бас киімдері туралы постер қорғайды.
Практикалық жұмыс Оқушыларға мәтін ,маркер ,қағаз беріледі. Сол бойынша жұмыс жасайды. Жұмыстарға бағыт беру. Жұмыстарының бағалау критерийлері:

1.Қағаз бетіне үйлестіру

2. Тақырыптың ашылуы

4.Уақыт.

 

3.2 Тақтамен жұмыс « Кір жаятын жіп» - шашыранды сөздерден сөйлем құрастырып жазу. (киім туралы мақал-мәтелдер) 

1. Сыпайы киімді киіп тоздырады,                           А) танымаған жерде тон сыйлы. 
2. Кең киім тозбайды,                                                В) тарылтуың оңай. 
3. Таныған жерде бой сыйлы,                                  С) кеңесші ел азбайды. 
4. Киім пішсең, кең піш,                                             Д) жолдасының тоңғанын білмес. 
5. Қасқыр ішігі бар кісі                                              Е) сараң киімді жиып тоздырады.

 

3.3 Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңдар. 

Киім түрлері арналуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: ... ... ... . Капри шалбар ұзындығы балтырдың ортасына ... . Оның атауы алғаш рет көпшілікке көрсетілген Капри аралына ... . Бриджи шалбардың төменгі жақ жиегінде резеңке немесе манжет ... . Тіге білетін және сәнге қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым ... .

2-тапсырма. Суретке қарап, өз беттеріңше зерттеу жүргізіңдер. Бұрынғы киім үлгілеріне: ерлер қалай киінген, әйелдердің киімі, киім түрлерінде қандай айырмашылықтар бар? Қазір киім үлгілері қалай өзгерген? Ұлттық нақышты сақтай отырып, қандай киім үлгісін ұсынар едің? Суретін салып келтіріңдер. 

5-тапсырма. Мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді теріп жазыңдар. 

 

IV Ой толғаныс 

«Сымбат сән академиясы» тақырыбында Эдуард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» бойынша жұмыс.

Ақ қалпақ - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл қалпақ  – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара қалпақ – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”

Сары қалпақ - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Жасыл қалпақ – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк қалпақ – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды

 

Кері байланыс 

  • Бүгінгі сабақтан алған білімдерін, « Бағдаршам» әдісі бойынша пікірін білу. Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұрайды. 
    • Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсінді. - Не түсіндіңіз? 
    • Сары және қызыл карточка көтергендер: - Сіздерге не түсініксіз?

VI Үйге тапсырма: 3-тапсырма: Мақалдарды оқып, мағынасын түсіну. Тақрыпқа жақын 3-4 мақал жазып келу. Тапсырмаларды күнделіктеріне белгілеп алады.

VII Қорытындылау.  

Рефлексия «2 жұлдыз 1 тілек»

Біздің сабағымыз аяқталуға жақын. Алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін. Алдағы мемлекеттік емтиханнан барлығымыз жақсы сүрінбей өтейік! 

Қол ұстасып тұрайық,
Жарты шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жарық,
Сау - саламат, болайық!

      

Просмотров: 1725


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст