Текст
Ақпанның төртінде кітапханашы Оспанова А. М. «Өзін-өзі тану» пәнінен «Алтын жүректі ана» атты көрмеге шақырды. Балаларға қызғылықты оқиғалар оқылып, махаббат, мейірімділік, адалдық жайында пікір таластырылды.Мектептің барлық балалары осы күні кітапхана қонағы болуға мүмкіншілік алды. Үлкен балалар кітапханада көрме тамашалап, өздерін қызықтырған әдебиетке жазылып, пікір таласуларға қатысса, кішкентай бүлдіршіндеріміз түрлі-түсті суреттерді тамашалап, өздері де сүйікті кейіпкерлерінің суретін салудан бас тартпады. Өздерінің сол күні кітапханада қызықты өткенін айтып жатты.