"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мейірімділік - асыл қасиет" атты ашық сабақ

03.02.2019

«Мейірімділік-асыл қасиет»

Сынып: 2 "А" сынып

Мақсаты:

Білімділік:    Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды мейірімді болуға, қайырымдық көрсетуге дағдыландыру.

Дамытушылық:  Мейірімділікті білу іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: Бейнефильм, слайдтар,оқулық,суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылардың назарын сабаққа аударту;

-психологиялық дайындық;

-шаттық шеңбері,сәлемдесу.

Мұғалім:

-Саламатсыздар ма құрметті оқушылар және ұстаздар!Бүгінгі біздің өзін-өзі тану пәнінен «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер.Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді балалар менің айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз.

Мұғалім:

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Мұғалім:

-Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.

Жаңа сабақ:-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет»,

Ойланайық, пікірлесейік ,     Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік пен қайырымдылық туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

-Балалар сендер : Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

.Өздеріңе қайырымдылық көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

 

Жақсылық

Мұғалім:

 

 

Мейірім

Нұрлы ақыл

Адамгершілік

Жылы жүрек

Сыйластық

ИмандылықИмандылық

Қайырымды

Қамқорлық

Бауырмалдық

Кішіпейілділік

     Ізгілік

Сүйіспеншілік

Жомарттылық

 

2.Бейнеролик көрсету

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Мұғалім: Жағдаяттар талдау

Сергіту сәті:»Теңіз фигурасы» ойыны

«Теңіз толқиды бір, теңіз толқиды екі, теңіз толқиды үш», «теңіз фигуралары қатып қал».

Тапсырма: «Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар орындарынан тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға .... (болады),

Кешірімді болуға .... (болады),

Қатыгез болуға .... (болмайды),

Тәртіпті болуға .... (болады),

Әдепті болуға .... (болады),

Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

Сыпайы болуға .... (болады),

Қайырымды болуға .... (болады),

Бұзық болуға .... (болмайды),

Бауырмал болуға .... (болады),

Ақылды болуға ..... (болады),

Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

Шыншыл болуға .... (болады),

Арам болуға .... (болмайды),

Маман болуға .... (болады),

Жаман болуға .... (болмайды),

Айтпақшы,

Жаман болуға ....! (болмайды).

Дәйексөз:

Мұғалім тақтадағы «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.

Ана - халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші - Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнады)

Күлімдеген .... мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)

Таза мөлдір.... мейірімді! (су)

Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)

Аяулы .... мейірімді! (анам)

Қадірлі .... мейірімді! (әкем)

Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)

Еркелеткен .... мейірімді! (атам)

Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

 

Мұғалім:

-Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.

Сабақты бекіту:

-Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер?

(оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.

Үйге тапсырма:

-«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар. Бірінші бағанға-мейірімді істердің,екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар.

Бағалау:

-Балалар сіздер бүгін сабаққа барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысымды айтып, «мейірімділік гүлін» сыйлағым келіп тұр. (оқушыларға түрлі-түсті қағаздардан қиылған гүлдер беріледі)

«Жүректен-жүрекке» шеңбері

-Балалар барлығымыз шеңберге тұрып бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай жылы сөздер айтады, мысалы «Ғазиза сен ғажайыпсың, Ақжол сен ақкөңілсің т.б».

Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

   

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст