02.02.2022 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы барысында 6 "А" сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ тақырыбы: "Жаңбырменен жер көгерер. Есімдіктің сөйлемдегі атқаратын қызметі."
Мақсаты:
Оқылым және тыңдалым мәтіндерінің мазмұнын түсіну;
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, жауап беру;
Тақырыпты шынайы өмірмен байланыстыру;
Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтау.
Сынып оқушылары 4 топқа бөлінді. "Қыс", "Күз", "Жаз", "Көктем" топтары.
Сабақтың басында оқушыларға бағалау парағы таратылды. Бағалау парағы бойынша топтар қарсы топтарды бағалап отырды. Сабақ соңында бір-бірін бағалап, сабаққа кері байланыс жасады. Сабақ түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қызықты өтті. Мұғалім оқушылардың қызығушылығын оята білді және сабаққа қойған мақсатына жетті.