01.02.2022 Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында 8 "А" сынып оқушыларының арасында "Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттың Ұлы ұстазы" тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Өткізілген іс-шара мақсаты:
1. Оқушылардың Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орны, оның ағартушылық және мұғалімдік қызметі туралы білімдерін толықтыру, эсселеріне жазушы жайлы ақпараттарды арқау ете отырып білімдерін қорытындылауға үйрету;
3.Өз пікірлерін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыландыру;
3.Оқушыларды ақын шығармашылығына құрметпен қарауға үйрету, өмірде өз орны бар азамат етіп тәрбиелеу, бойына асыл қасиеттерді сіңіре білу.
Оқушылардың барлығы дерлік жұмыстарын жақсы жазды. Өз ойларын дәлелді түрде ашық түрде жеткізе алды. 7 оқушының арасынан ең үздік екі эссе таңдалды. Авторлары: Бақболат Гауһар және Молдагайсин Альмансур.