Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
9 қыркүйек күні «Денсаулық күні» өткізілді. Орталық алаңға мектебіміздің жоғары сынып оқушылары жиналып, көпшілік жүгіріске қатысты. Жүгірістен кейін дене жаттығуларын барлығы бірге жасап, содан соң көпшілік түрлі спорттық сайыстарға қатысты. Мысалы арқан тартыс, қол күрес, гир көтеру.
11-16 қыркүйек күндері сынып сағаттары: .1-4 сыныптарға «Денсаулық пойызымен саяхат», 5-7 сыныптарға «Дені сау ұлт – Дені сау мемлекет», 8-11 сыныптарда «Біз ЖҚТБ-ға, нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсымыз, біз салауатты өмір салты үшін» тақырыптарын өткізілді.
Қыркүйек-қазан айларында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Футболдан мектеп біріншілігі буын-буын бойынша өткізілді.
Балалар мен жасөспірімдердің бойында позитивті өмірлік ұстаным қалыптастыру бойынша шаралар.
4-9 қыркүйек күндері аралығында №1 сынып жиналыстары өткізілді. Жиналыстың негізгі күн тәртібі дәріс «Үйде, көшеде, қаладағы тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» сонымен қатар оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар мен қауіпсіздік ережелерімен ата-аналар мен оқушылар таныстырылды.
1-4 сынып «Қауіпсіз өмір!» (Балалардың суға батуы, биіктен құлау, уланған жағдайда алдын алу шаралары, алғашқы дәрігер алды көмек көрсету, балалар арасында электр жарақаты, балалардың күюі, спинерден жарақат алудың алдын алу тақырыптарында) линейка өткізілді.
5-11сынып «Өмірің өз қолыңда» (Балалардың суға батуы, биіктен құлау, уланған жағдайда алдын алу шаралары, алғашқы дәрігер алды көмек көрсету, балалар арасында электр жарақаты, балалардың күюі, спинерден жарақат алудың алдын алу, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын- алу тақырыптарында) баяндама оқылды.
Волейболдан 10-11 сыныптар/қыздар,ұлдар/ арасында мектеп біріншілігі. Қатысқаны: 4 команда, 32 оқушы. 1-орын-11А, 2-орын -11Б, 3-орын -10А.