Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
16 қазан күні мектебіміздің сынып жетекшілері «Ұл мен қыздың арасындағы достық» «Гендерлік тәрбие бұл......»тақырыбында сыныптарда тәрбие сағаттары өткізді.
1 қараша күні «Жас Қыран» ұйымының бастауыш сынып оқушыларының арасында «Менің отбасым» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында мектеппен отбасы ынтымақтастығын нығайту, осы арқылы бірліктерін, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Сайысқа оқушылар белсене қатысты. Оқушыларымыздың суреттері төменгі дәлізде көрме болып шықты.
№2 ата-аналар жиналысы. «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны қоғамның назарын балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне аудару, қоғамда балаларды қатыгез ұстауға төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шаралар туралы «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында жиын өтті.