Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие
02 қыркүйек Білім күні «Сыңғырла күміс қоңырау» салтанатты жиынымен таңғы сағат 10.00-те басталды. Шара мемлекеттік әнұранды орындаумен басталып, қатысушы қонақтардың құттықтау сөзімен жалғасты. Қатысушылар Астрахан аудандық маслихатының хатшысы Кожахметов М .К , Колутон ауылының әкімі Мухамеджанов Т.С, ардагер мұғалім Кусаинбеков Б К. 1 сынып оқушыларын мектепке келуімен құттықтап, мектептік жетістіктермен таныстырды. Шара білім күнінің «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы шеңберінде бірыңғай «Саналы ұрпақ- сапалы болашақ» білім беру сабағымен 1-11 сыныптарда жалғасты.
29 қараша күні сынып оқушылары 1 желтоқсан Президент күніне арналған «Отан, Президент және мен» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырды. Оқушылар өздері салған суреттерін, шығармаларын және Президентке арнауларын жазды. Бұл көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз елбасының өмірі, шығармашылығы, қандай батыл, ержүрек адам екенін өскелең ұрпаққа көрсету және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мектеп кітапханасында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Дара тұлға, Дана тұлға» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.
Көрменің мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрмеге Елбасының кітаптары мен суреттері қойылды.
Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар. Жалпы шараға тоқталатын болсақ, Тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болды. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Лаззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күні еді.
2019 жылдың 14 желтоқсан күні мектебіміздің АКТ залында «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында Республикалық «Жас Ұлан» «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанаты өтті.
Мектеп кітапханасында 2019 жылдың 9 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік –Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмеге шолу жасалды. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.
30 караша күні Бақтыбай Мухамеджанұлын шақырдық. Бұл кісі Ардагерлердің мүшелерінің төрағасы. Кездесу кезінде оқушыларымыз қонақтарымызға түрлі сұрақтар қойып, жауаптар алды.
Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында тәрбиелік шара
Елбасымыз Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз қажет. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу деді.
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге,жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Оқушының қабілеті: Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру. Жаһандық азаматтық тұлғасы: Өз Отанын қатты сүйетін, әлем халықтарын мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға.
Жас ұрпақ арасында Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен оларға құрметпен қарау, патриоттық сезімін қалыптастыру бағытында жұмыстар жасалынды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жыл сайын 1 қыркүйек «Білім күні» салтанатты жиындарында ҚР Мемлекеттік Туын еңгізу рәсімі жүргізілді. (1 оқушы туды ұстаушы, 2 оқушы ассистент). Оқу жылының басында ту ұстаушы: 10 «б» сынып оқушысы Сейфуллаев А, ассистенттері 10 «Б» сынып оқушысы Сергазин А және Сайлауов М . Сонымен қатар салтанатты түрде Мемлекеттік Гимн ойналады.
Қазақстан Республикасының әр азаматы мемлекеттік нышандардың мән мағынасын терең түсініп қана қоймай, мемлекеттік рәміздерге қатысты заңнамаларды қатаң сақтауға, оларға сүйіспеншілікпен қарап, құрмет білдіруге міндетті. Осы бағытта мектеп оқушыларына бірқатар жұмыстар жүргізілді;
Тарих мұғалімдері Уривская Л Н и Хаметова А А «Рәміздерім – мақтанышым!» тақырыбында викторина ұйымдастырды.
« Казақстан » тақырыбында 11 «б» сынып жетекшісі Уривская Л Н 14 желтоқсан күні тәрбие сағатын өткізді.
Құқықтық тәрбие
20 қараша бала құқығын қорғау күніне орай «Бала құқығы – адам құқығы» тақарыбында онкүндік жүргізілді. Онкүндік аясында 1-4 сынып жетекшілері «Менің құқықтарым – менің міндеттерім» тақырыбында, 5-7 сынып жетекшілері «Құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік» тақырыбында, 8-11 сынып жетекшілері «Құқықбұзушылықтар мен заңды жауапкершілік» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Хаметова А А 10 «а» сынып жетешісі «Балалар құқықтары туралы конвенция» және «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» сынып сағатын өткізді.
Балалар мен жастарға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру
Қазан айында мектеп медбикесі 10-11 сыныптың қыз балалары қатысып түсінік жұмыстары жүргізілді.«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны қоғамның назарын балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне аудару, қоғамда балаларды қатыгез ұстауға төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шаралар туралы «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында 9-10-11 қараша күндері өтетін.
1. «Балалар мен балалық шақты қорғайық»
2.Оқу-тәрбие үрдісі. І тоқсан қорытындысы
3.Ағымдағы мәселелер. 1-11 сыныптар (күзгі мезгілдегі оқушының өмір қауіпсіздігі (бос уақытын тиімді ұйымдастыру; мектепке келуі мен үйге қайтуын қадағалау, күтіп алу; түнгі мезгілін қадағалау.
Мектеп тәлімгері Жумабай Б және өзін-өзі басқару ұйымы «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырында стенд жасақтап, оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізілді. 1-4 сынып оқушыларына арасында «Бақытты балалық шақ!», «Детство без жестокости и насилия» тақырыбында сурет салғызып оқушылар өз жұмыстарын таныстырды.
Тәлімгер Жумабай Б «Біз және әлем!», «Өмірдің жақсы қырлары» тақырыбында бейнероликтер көрсетуді ұйымдастырды.
Астрахан аудандық ТЖ әділет лейтинантымен кездесу өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. 20-24.11күндері барлық сыныптарда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мектеп психологтары Жаканова А.А и Шокубасова А М 27-29 қараша күндері 2-4 және 5-8 сыныптар үшін жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу тақырыбында сауалнама өткізіп қорытындылады.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың және қаңғыбастықтың алдын алу
27-29.11 күндері 20 қараша күні кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен отбасындағы зорлық-зомбылықтын алдын-алу мақсатында «Жасөспірім», «Отбасында зорлық-зомбылық жоқ» тақырыбындағы рейдке сағат 22:00 шамысында төменедегі қызметкерлер: тәрбие ісіні ң менгерушісі Жаксыбаева А К, акиматтың специалисті Дзюбенко Е В.
Тегін тамақтананын оқушылардың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын зерттеу актілері бойынша оқушылардың үйлеріне, оқушылардың ата-анасы туралы, жанұяның әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы, жанұядағы қарым-қатынас, ата-аналардың мәдени деңгейлерін зерттеу бойынша рейд жасақталды, зерттеу қорытындылары бойынша оқушыларды сабақ оқитын жері, өзінің бөлмесі бар екендігі сабақты себепсіз қалдырмауы ескертіліп айтылды. «Түнгі қаладағы балалар», «Көше», «Жасөспірім» кең ауқымды рейдтік шаралары өткізілді.