Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
18-23 қыркүйек күндері «Тіл атадан қалған асыл мұра» апталығы аясында: 1-4 сыныптарымен: «Ел тірегі - тіл», 5-7 сыныптарымен: «Тіл – елдігіміздің іргетасы», 8 -11 сыныптарымен: «Туған тіл – тұғырың» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай «Мемлекеттік тілмен болашаққа» атты концерттік бағдарлама өтті. Кештің мақсаты: Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау. Концерттік шараға мектебіміздің «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының оқушылары қатысты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жыл сайын 1 қыркүйек «Білім күні» салтанатты жиындарында ҚР Мемлекеттік Туын еңгізу рәсімі жүргізілді. (1 оқушы туды ұстаушы, 2 оқушы ассистент. Сонымен қатар салтанатты түрде Мемлекеттік Гимн ойналады.
ҚР рәміздері стандартқа сай Мемлекеттік нышандар орналасқан.
Қазақстан Республикасының әр азаматы мемлекеттік нышандардың мән мағынасын терең түсініп қана қоймай, мемлекеттік рәміздерге қатысты заңнамаларды қатаң сақтауға, оларға сүйіспеншілікпен қарап, құрмет білдіруге міндетті. Осы бағытта мектеп оқушыларына бірқатар жұмыстар жүргізілді;