Қазақ тілі 6 а сынып. 06.02.2017жылы. Пән мұғалімі А.Аксеитова
Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау.
Мақсаты: Етістіктен алған білімдерін нақтылау.
Жеке,топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.Шығармашылық қабілетін шыңдауға бейімдеу.
Еңбексүйгіштікке отаншылдыққа тәрбилеу.
Сабақтың түрі:Білімді бекітусабағы.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы,оқулықпен жұмыс,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: парақша,оқулық.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
І.Ұйымдастыру.Психологиялық ахуал.
Сынып 3 топқа бөлу.1 топ .Есімше. 2 топ. Көсемше. 3 топ. Етіс.
ІІ.Тапсырмаларды орындау:
1 тапсырма. 1 топ. Жолға шықпай тұрып,жолдасыңды сайла.
2 топ. Ақылды кісі азбайды,асыл бұйым тозбайды.
3 топ. Оқып сөйлеме,көңіліңе тоқып сөйле.
(мақалдың тәрбиелік мәні,түсіндіру,талдау,етістікті табу)
2 тапсырма. Топтастыру.
ЕТІСТІК-Негізгі,туынды.Салт,сабақты.Етіс.Дара,күрделі.Көсемше. Есімше.
3 тапсырма. Жеке,топпен жұмыс.
212-жаттығу. Бет:185.
Етістікті тауып,талдау жасайды.
4 тапсырма.Мәтін 213-жаттығу.
Етістікті табу.
5 тапсырма. Етістік және әдебиет.
1 топ. Етістік және Мағжан.
2 топ.Етістік және Абай.
3 топ.Етістік және Дулат.
6 тапсырма.Мына сөздерге жұрнақ жалғап сөйлем құрастырыңдар.
Жүгір,сөйле,оқы,ал,айт,жет,біл,көр.сыз.аш.
7 тапсырма.Сематикалық карта.
№ |
Тапсырма. |
Дұрыс |
Бұрыс. |
1 |
Етістіктер басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалмайды. |
|
- |
2 |
Етістіктер тұлғасына қарай негізгі және туындыболып екіге бөлінеді. |
- |
|
3 |
Қимылдың ,іс-әрекеттің болмауын,іске аспауын білдіретін етістікті болымды етістіктер дейді. |
|
- |
4 |
Ортақ етістің –ыс,-іс,-с жұрнақтары жоқ. |
|
- |
5 |
Мағынасы жағынан тура обьектіні,табыс септіктегісөзді қажет етіп тұратын етістіктерді салт етістіктер дейді. |
|
- |
6 |
Етістер төрт түрге бөлінеді. |
- |
|
7 |
Есімшенің –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнақтары етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды. |
- |
|
8 |
-ғалы,-гелі,-қалы,-келі тұлғалы көсемшелер жіктеледі. |
|
- |
9 |
Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады,бірақ жіктелмейді. |
- |
|
10. |
Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у- Жұрнағы дауысты болып жалғанады. |
- |
|
8 тапсырма.
Етістік атаның жұмбақтары:
1. Бір жұрнақ екі етіске ортақ. Олар қай етістер.(өздік,ырықсыз)
2. Көп адамның қатысуымен істелетін іс қай етіске жатады?(ортақ етіс)
3. Жеке алғанда –есім сөздер,етістік құрамына келгенде-жұрнақтар. Олар қайсылар?(ыс,іс,қыз,ық,ар,ер,қан,ін,у)
4. Оң оқыса да,солға қарай оқыса да етістік.Ол қай сөздер? (шаш,қақ, т.б)
5.Құс аттарымен тұлғалас етістіктерді білесіңдер ме?(қаз,тырна)
ІІІ.Оқушыларды бағалау.
ІҮ.Кері байланыс. «Бес саусақ »әдісі бойынша.
Ү. Үйге тапсырма.
Етістіктерді қатыстырып өзің туралы жаз. (эссе жазу.)