"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Физика пәнінен "Физикалық жекпе-жек" сыныптан тыс іс-шарасы

14.01.2020

14.01.2020 мектебімізде физика және математика апталығына орай 8-9 сыныптарымен "Физикалық жекпе-жек" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. 

Тақырыбы:                            «Физикалық жекпе-жек» 

                                 (физика пәні  бойынша сыныптан тыс жұмыс)

Мақсаты:   Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын

арттыру;  ойлау қабілетін дамыту;

бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін

шындау; топпен жұмыстана білуге баулу; еңбекке баулу;

Түрі: ойын-сабақ

Көрнекіліктер: презентация, интерактивті тақта, компьютер, керекті құрал-жабдықтар;

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану бағытындағы пәндер

Сайыстың барысы:

Жүргізуші:

- Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан  бүгінгі “Физикалық жекпе-жек” атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын  8-9  сынып оқушыларынан құралған – «Сұңқар», «Барыс», «Бүркіт»  топтарымен таныс болыңыздар.

Әділ баға беруге,

Шақырайық ортаға

Әділқазылар алқасын – дей отырып, бүгінгі сайымызда әділ баға беретін әдәлқазылар алқасын сайлап алайық.

-        Сайысымыздың шарттарын таныстырып өтсек, жалпы сайысымыз  5 бөлімнен тұрады.

Сайыстың кезеңдері:

1-кезең: «Сәлем – сөздің анасы»

2-кезең: «Бәйге»

3-кезең: «Полиглот»

4-кезең: «Физикалық жұмбақтар»

5-кезең: «Бұл кім?»

6-кезең: «Сиқырлы сандықша»

      Жүргізуші:

Сайысымыздың кезеңдері түсінікті болса, 1-кезең «Сәлем-сөздің анасы» кезеңін бастаймыз.

1 топ:  «Сұңқар»тобы

Ұраны:     

Эмблемасымен таныстыру
 

2-топ:  «Барыс» тобы

Ұраны: 

Эмблемасымен таныстыру

3-топ:  «Бүркіт» тобы

Ұраны:  

Эмблемасымен таныстыру  

Жүргізуші: Таныстыруымызды аяқтасақ, әділ-қазылар алқасынан ұпай сандарын көрсетуді сұраймыз. Жоғары  ұпай - 5 ұпай.

Келесі кезең 

«Бәйге» кезеңімізді бастаймыз.  

1-топ.

1. Физика пәні нені оқытады?
2. Жылу берілудің неше түрі бар?
3. Тығыздық қандай әріппен белгіленеді?
4. Деформация дегеніміз не?
5. Броундық қозғалыс
6. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
7. Джуоль - Ленц заңының ережесі
8. Ауаның ылғалдылығын анықтайтын құрал
9. Атомның планетарлық моделін жасаған кім?
10. Тізбектей жалғағанда қандай шама тұрақты болады?

 

2-топ.

1. Физиканың І ұстазы кім?
2. Ішкі энергияны өзгертудің неше тәсілі бар?
3. Күш қандай әріппен белгіленеді?
4. Диффузия д. н.?
5. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
6. Отынның жану жылуы д. н.?
7. Паскаль заңы ережесі
8. Вольтметр нені өлшейтін құрал?
9. Нүктелік зарядтар арасындағы күшті анықтаған ғалым кім?
10. Параллель жалғағанда қандай шама тұрақты болады?
 

3-топ.

1. Термодинамика нені зерттейді?
2. Кернеу қандай әріппен белгіленеді?
3. Термодинамиканың неше заңы бар?
4. Конденсация
5. Ішкі энергия
6. Балқу жылуы д. н.?
7. Ом заңының ережесі
8. Электр зарядын анықтайтын құрал қалай аталады
9. Эврика деп сұйыққа батырылған денеге әсер ететін күшті анықтаған ғалым кім?
10. Электр шамында қандай өткізгіш қолданылады?

 

3 кезең – «Полиглот» Құрметті сайыскерлер, бұл кезеңде сіздерге сұрақтар қоямыз жауабын тауып, орысша, ағылшынша аудармаларын табуларыңыз керек.
Әрбір дұрыс жауапты 3 тілде айтса, 3 ұпай; 2 тілде – 2 ұпай, 1 тілде – 1 ұпай.

(Көлем, Қысым, Температура, Ауа, Қатты, Күш)

 

 

4 кезеңіміз – «Физикалық жұмбақтар»  10 жұмбақ оқылады. Қолдарындағы жалаушаны тез көтеру арқылы жауап береді, жұмбақтың жауабын айтады.

1.    

 Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?     (Уақыт)

2.    

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?    (Жылдамдық)

3. Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді                              

 (Су)

4.  Қозғалысқа келтіріп,
 

 Жылдамдығын береді.
 

 Өлшемдерін қарасақ,
 

 Ньютонға ол келеді.                                (күш)

 

5.   Жоғалмайды ешқашан,
 

 Түрлендірсек егер де.
 

 Басқа күйге ауысқан,
 

 Жұмыс істейді әрқашан.                         (энергия)

 

 

Келесі кезеңіміз – «Бұл кім?» . Әр топқа физика ғалымдары туралы сұрақтар қойылады. Сұрақтарға сүйене отырып, физикалық тұлғаны табулары керек.

 

1.Сұйықтар мен газдардың қысымы барлық жаққа бірдей жеткізеді дегенді айтқан фрацуз ғалымы ( паскаль)

2.Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)

3.Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшын ғалымы? (Иссак Ньютон)

4.Польша мен Италия университетінде оқып, үздік әрі жан-жақты (математика, астрономия, құқық,медицина бойынша) білім алған.Ол планеталар мен Күнді бақылау барысында алынған мәліметтерге сүйеніп, планеталардың Күнге қатысты қозғалысын анықтады.(Коперник Николай)

5. инерция құбылысын ашқан ғалым.(Галилео Галилей)

 

6. «Бірінші ұстаз» атанған гректің ұлы ойшылы. (Аристотель)

7. 1742 жылы жүз градустық термометр шкаласын сипаттайтын еңбек жариялаған кім? (Андерс Цельсий)

8. Энергияның сақталу заңын ең алғаш тәжірибе жүзінде анықтаған ғалым (Джеймс Прескотт Джоуль)

9. Электромагниттік және механикалық құбылыстарды зерттеуші. Нүктелік зарядтар арасындағы өзара әрекеттесу заңын ашқан кім? (Шарль Огюстен де Кулон)

 

Соңғы сайысымыз – «Сиқырлы сандықша»  сайысы . Тақтада сандықшалар бейнеленген. Ойыншылар өздеріне ұнаған сандықшаны таңдайды. Сандықшаның ішінде есеп беріледі. Әр есеп 2 ұпайдан бағаланады.

1-есеп. Моторының тарту күші 5 · 104 Н ұшақ 800 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты ұшып келеді. Оның қуаты қандай? Осы есепті пайдаланып, қуатты табудың тағы бір формуласын қалай өрнектеуге болады?
 

Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан

топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың жалпы қорытындысын әділ қазылар есептеуін сұраймыз.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


  

 

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст