"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу"

25.01.2017

Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық   теңдеу

 

Мақсаты:

1.Бір айнымалысы бар сызықтық  теңдеу    тақырыбының   түсіндіру

2.Еңбекке тәрбиелеу

 3.Тіл туралы білімдерін    арттыру

Сабақтың түрі; жаңа тақырыпты  сабақ

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Ұқсас  мүшелерді біріктіру .   Жақшаны  ашу ережелерін  қайталау.

    Карточкалар арқылы  ауызша(тақтада   көрнекіліктерді қолдану)

3.Тақырыпты түсіндіру :

   ---Бір айнымалысы бар сызық  теңдеудің  анықтамасы

-----Теңдеудің айнымалысы .  Түбірлері .Шешу    алгоритмы.

 ---- мәндес теңдеулер

-----Теңдеуді  шешу   ережелері

-----Теңдеудің қасиеттері

----- мысалдар

4.Тақырыпқа арналған тапсырмаларды оқулықтан    орындайық:

 ---- есеп шығару  ( ауызша )   №  856

---- №  857----№  858  (ыстық   бор  )

----№  861  (1, 2)    ----№   862  (1 )

5.Балалар ,  бүгін  біздің   сабағымызға бір неше хат келіпті.

   Олардың   арасында электронды хат   бар  және   бандероль да бар

  Бірінші хат  тіл түралы Бақболат мұғалім жіберіпті:

« Балалар,сендер білесіңдер ме  ең үлкен  жануар - көгілдір  кит . Оның  баласы  пілден де үлкен.  Кит  баласын сүтпен  асырайды.  Сүттің майлығы  сиырдың   сүтінен 10    есе  артық  .

          Киттің   тілі өте  ауыр.    Егер   осы  теңдеуді   шығарсаңдар,  киттің 

тілінің салмағын  білесіңдер  :»

7х –  ( 3+  2х )  = х +  9

2 хат келді  - Сара  Акимжановнадан

«Балалар мен ағылшын тілі мұғалімімін.  Сендер білесіңдер ме бүкіл әлемде  ең  көп 

тараған тіл  —китай  тілі  ( № 1 )  . Ал ең   қиын тіл  - эскимосстардың  тілі  ( № 2 ).  Ең нәзік тіл- доминикан  тілі ( № 3 )

Бұл тілде   қызбикештер мен әйел адамдар    сөйлейтін тілі  ер адам сөйлейтін тілден өзгеше.

           

Тілдердің арасында ең тыныш,  сыпайы тіл  бар,  ол тілде жаман, қатты сөздер  жоқ   .Ол тіл осы үш тілдің бірі  .   Олтілді анықтау үшін   осы  теңдеуді  шешіңдер:»

6 ( 7х – 11)  - 13 ( х – 6 ) =  14 (  2х  + 1)

Балалар, электронды хатты   10  « А» сынып оқушылары жолдапты.

«Балалар,  біз  келесі оқу   жылында    емтихан тапсырамыз . Біз  дайындық  жасап жатырмыз . Тест шығарғанда    ,  6 сыныптың  теңдеуін шығардық,  ал сендер шығара аласыңдар ма?   Неге бұл  теңдеуді  біз жібердік?»

5х  + (  3х – 3 )  =  6х+7

Балалар,  біздің  поштамызда бандероль бар .  Осы теңдеудің  түбірін тапсақ, бандерольды ашуға болады және кім жібергенін   анықтаймыз

 

6х+ 11  = (  3х – 3 ) +  5х

 

6  .  Балалар,   бүгін біз   " Бір айнымалысы бар   сызықтық теңдеу"    тақырыпты  бастадық.

Анықтамасын  кім айтады?   Қандай    теңдеудің қасиеттерін  қолдандық?

Қайталайық . Айнымалынын алдында тұратын әріпті қалай атаймыз?

Тіл туралы  не білдіңдер  ?  Тіл мағынасын қалай қолданады ?

7. Үй жұмысы    п.  5.2   №  861  ( 3-60 №  862 ( 2- 4 )  б.   23

8.  Баға  қою ( түсіндіру)

 

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст