Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың өсімдіктермен танысу арқылы түрлерін, құрылысын, қызметін, медицинада қолданылуын анықтай білуге үйрету, жергілікті жерде кездесетін өсімдіктер жайлы ізденуге баулу.
Дамытушылық: оқытудың беленділігін арттыру, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен
байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.
Тәрбиелік: Өсімдіктерді табиғаттың бір бөлшегі ретінде аялап күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқа, карточкалар, суреттер
I. Ұйымдастыру кезеңі
оқушылармен сәлемдесу
· оқушыларды түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақты игеру.
Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім.
Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсысының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған. Ертедегі мысырлықтар алоэ, қараған, анис, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4000 жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат
алады.
Қазақстанда өсімдіктердің 6000 астам түрі болса, оның 500 түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.
Дәрілік өсімдіктермен емдеуді фитотерапия деп атайды.
Өсімдіктер әлемінің жеке дамуының (онтогенезінің) сатылары мен оларға байланысты ерекше құрылымдар төмендегіше белгіленеді:
1. Эмбриондық-зиготаның қалыптасуы;
2. Жастық — балауса (ювенильдік) — ұрықтың өнуі және негізгі өсу мүшелерінің
(жапырақ, сабақ, тамыр) қалыптасуы;
3. Жетілу (жыныстық), толығу — гүл бастамаларының пайда болуы, кебею мүшелерінің (гүлдердің) қалыптасуы;
4. Көбею (жемістену) — тұқымдардың, жемістердің бір рет немесе бірнеше қайталанып қалыптасуы;
5. Қартаю (тозу) — ыдырау процестерінің және активсіз (ырықсыз) құрылымдардың
басымдануы.
Сонымен, бірінен соң бірі жүзеге асатын физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық өзгерістер өсімдіктің өсуі мен дамуының жалпы, біртұтас процесі болып табылады. Барлық өсімдіктер толық гүлдеңіп, жемістеніп болған соң, біртіндеп қартая бастайды да, біраздан соң (көптеген жылдардан кейін) тіршілігін толық жояды. Мысалы, Секвойя — 1500 жыл, емен — 1500, шырша — 1200, жөке — 1000, қарағай — 500, жүзім — 80-100, қылтықсыз арпабас — 10-30 жыл, жоңышқа — 4-5, сәбіз — 2, бір жылдық шөптесін өсімдіктер — 1 жыл, эфемерлер-2-4 апта өмір сүреді. Біздің бүгінгі сабақ
бірнеше кезеңнен тұрады және әрбір кезең өсімдіктің қалыптасуын сипаттайды
1.Кезең.
Өсімдік жасушасы және ұлпалар тарауы бойынша тапсырмалар
Берілген тапсырмаларды топта орындап екінші топ тексереді.
. Биологиялық диктант
1. Жасуша............ жасушаның сыртын қаптайды.
2. Қабықшаның жұқарған жерін.......... деп атайды.
3. Жасушаның тіршілігіне қажетті заттар.......... орналасады.
4......... көбеюге қатысады.
5. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер.......,
......., және....... деп бөлінеді.
6. Жасуша ішіндегі қысымды реттеуге қатысатын органоид ол -....... деп аталады.
1. Биология ғылымы нені зерттейді?
а) өсімдіктерді ә) жануарларды б) тірі организмдерді
2. Қазақстанда “ Қызыл кітап ” тұңғыш қай жылы шықты?
а) 1968 ж ә)1978 ж б) 1991 ж
3. Ақмола облысының су батпақты аймағындағы қорық
а) Наурызым ә) Қорғалжын б) Үстірт
4. Елімізде өсімдіктері мен жануарлары әр алуан, арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар қалай аталады?
а) қорықша ә) тыным бақ б) қорық
5. Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекетіне қатысады, жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады
а) цитоплазма ә) ядро б) вакуоль
6. Жасушаның көбеюіне қатысады
а) пластиттер ә) ядро б) цитоплазма
7. Сабақ пен тамыр ұшында орналасқан ұлпа
а) жабын ә) өткізгіш б) түзуші
8. Өрік, шабдалы, жаңғақ, шие сүйектері қандай ұлпа?
а) тірек ә) түзуші б) фотосинтездеуші
9. Сыртқы ортамен қатынас жасап, газ алмасу, су булануды реттейді
а) жабын ә) түзуші б) негізгі
10. Жасушалары жас, ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршіктері мен гүл- шоқтары ашылады, тұқымынан жас өсімдіктер өсіп шығады
а) жабын ә) түзуші б) тірек
11. Өте ұсақ заттарды бірнеше мың есеге үлкейтіп көрсететін құрал
а) ұлғайтқыш қол әйнек ә) тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)микроскоп
12. Жасуша бөліктерін зақымдаудан қорғайды
а) пластиттер ә) жасуша қабықшасы б) вакуоль
13. Тін талшықтары қандай ұлпа?
а) жабын ә) түзуші б) тірек
14. Өсімдікті мал жеуден қорғайды
а) түзуші ә) өткізгіш б) бөліп шығарушы
15. Қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз етеді
а) тірек ә) бөліп шығарушы б) өткізгіш
16. Жасушалары қатты қиыршықты
а) тірек ә) өткізгіш б) бөліп шығарушы
17. Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпа
а) шірнеліктер ә) домалақ басты түктер б) сүт жолдары
18. Жасушалары өте ірі, онда қоректік зат қоры жиналады
а) жабын ұлпа ә) негізгі ұлпа б) өткізгіш ұлпа
19. Хлоропластары бар тірі жасушалар тобы
а) тірек ұлпа ә) негізгі б) түзуші
20. Гүл күлтелеріне, күзгі жапыраққа піскен жемістерге, жем тамырлары қызыл, сары түс береді.
а)хлоропаститтер ә) хромопластиттер б) лейкопластиттер
21.Жасушаны қоректендіреді,жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді, улы заттарды ыдыратады.
а) пластиттер ә) жасуша қабықшасы б) вакуоль
22.Өсімдікте органикалық зат түзуге қатысады, жасуша аралықтары кең, хлоропластары көп болады
а) тірек ұлпа ә) бөліп шығарушы ұлпа б) фотосинтездеуші ұлпа
23.Жасушаның тығыз, сыртында 2 қабат қабықшасы бар бөлімі
а) пластиттер ә) ядро б) цитоплазма
24.Жасушаның ішіндегі желім тәрізді созылмалы қоймалжың сұйықтық
а) пластиттер ә) ядро б) цитоплазма
25. Өсімдіктерде қоректік заттар қорын жинауға қатысатын түссіз пластидтер
а)хлоропаститтер ә) хромопластиттер б) лейкопластиттер
26.Өсімдікке жасыл түс беретін және органикалық зат түзуге қатысатын пластидтер
а)хлоропаститтер ә) хромопластиттер б) лейкопластиттер
27.Жасуша аралық зат алмасу жүретін, көршілес жасуша цитоплазмаларын өзара байланыстыратын саңылаулар орналасады.
а) ядрода ә) жасуша қабықшасында б) пластидтерде
28.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ертіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді. а) жабын ұлпа ә) негізгі ұлпа б) өткізгіш ұлпа
29.Өсімдіктерге арналған қызыл кітап ең алғаш
а) 1978 ж ә) 198 ж б) 1991 ж
30.Өсімдіктің тамырында, түйнегінде, тұқымында кездесетін қоректік қор жинауға қатысатын ұлпа қалай аталады?
а) Хлоропластар ә) хромопластар б) лейкопластар
31. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:
а) организм ә) мүше б) ұлпа
32.Өсімдік тану оқулығын жазған ғалым
а) Ж . Күдерин ә) Х.Досмұхамедұлы б) Б.М.Мусин
33.Микроскоп неше есе үлкейтетінін қалай біледі?
а) окуляр мен обьективтегі санды қосады ә) окуляр мен обьективтегі санды көбейтеді б) окуляр мен обьективтегі санды бөледі
35.Жасушаны ең алғаш ашқан ғалым
а) А. Левенгук ә) Роберт Гук б) Б.М.Мусин
2. кезең. «Биологиялық тренажер »
Берілген балдырлардың бір түрі үшін дұрыс жауапты тауып, жауап кодын кестеге түсіріңдер.
Балдыр атаулары: (түрі)
2.Балдырлар бөлімі:
2.1.Біржасушалы балдар
2.2. көп жасушалы балдыр
3.Балдырдың сипаттамасы :
3.1.шоғырланған организм
3.2.біржасушалы организм
3.3.көпжасушалы организм
4.сыртқы құрылысы:
4.1.жібі бірқатарға орналасқан,ұзын жасушалардан құралған.
4.2.денесі жұқа, жіп тәрізді қаптама
4.3.денесі сопақша пішінді,ұшы үшкірлеу,екі талшығы бар.
4.4.денесі шар тәрізді ,талшығы бар.
4.5.денесі ұзын, таспа тәрізді қаптама
5.Тіршілік формасы :
5.1.субстрактқа ризоиды арқылы бекініп тұрады.
5.2.талшық арқылы қозғалып тіршілік етеді.
5.3.су ағысымен пассивті қозғалады.
5.4.тұщы суқоймалары мен теңіз суында тіршілік етеді.
6.хромотофорының немесе хлоропласының құрылыс ерекшелігі:
6.1.таспа пішінді хромотофоры жасушада оралма тәрізді орналасқан.
6.2.хромотофор сопақша тәрізді, жасыл пигменті бар
6.3.хромотофоры жасыл,жартылай сақина пішінді
Жауаптары :
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
хломидоманада |
1 |
2 |
3 |
2 |
2 |
хлорелла |
1 |
2 |
4 |
3 |
2 |
спирогира |
2 |
3 |
1 |
4 |
1 |
улотрикс |
2 |
3 |
5 |
1 |
3 |
3-кезең.
Өсімдіктің маңызды мүшесі тамыр жүйесіне арналған зертханалық жұмыстың бір бөлігінен тапсырма орындау.
№5 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Тамыр типтерін кіндік және шашақ тамыр жүйелерін талдау.
Мақсаты: Тамыр жүйесі мен тамыр типтерінің мәнісін ажырыратып, өзіндік ерекшеліктерін практика жүзінде талдап, зерттеу.
Жұмыстың барысы:
1. Алдарыңа берілген өсімдіктің кеппешөбінен тамырын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратып (негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамыр) аттарын жазыңдар.
2. Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін () қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар.
3. Шашақ тамыр жүйесін – бидай, жүгері кеппешөптерінен қарап анықтаңдар..
5. Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып,
оқулықтың суретімен салыстырыңдар.
Нәтижесі: 1) Тамыр типтерін ата:
1.___ ________________________________________
2. __________________________________________
3.___________________________________________
2) Бос торкөздерге тамыр жүйесінің суретін салып, соған сәйкес өсімдік түрлерін
ата:
Кіндік тамыр тән:__________________ Шашақ тамыр тән:___________________
Қорытынды:
1. Тамыр дегеніміз не?___________________________________________________________
______________________________________________________________________________
2. Тамыр жүйесі дегеніміз не?_____________________________________________________
______________________________________________________________________________
3. Кіндік тамырдың шашақ тамырдан қандай айырмашылығы бар?______________________
_____________________________________________________________________________
4-кезең Өсімдік сабағына арналған. Берілген кестені толтырып ,тест тапсырмасын орындау
1.Қияр, 2.жабайы бұршақ, 3.пияз, 4.қайың, 5.бақпақ, 6.үрмебұршақ 7.күріш, 8.шырмауық, 9.асқабақ. Осы өсімдіктер тізбесінен сабақтың қай түріне жататынын анықтап, тұсындағы санын кестедегі тиісті бағанға жаз.
Тік |
Жатаған |
Өрмелегіш |
Шырмалғыш |
Қысқарған |
|
|
|
|
|
ІІІ тест тапсырмасы:
1.Өсімдіктің жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын тірек қалай аталады?
А) Сабақ Ә) жапырақ Б) гүл Г) жеміс
2. Сабақ түрлері нешеге бөлінеді?
А) 5 Ә) 2 Б) 3 Г) 4
3. Қысқарған сабаққа жататын өсімдікті ата
А) пияз Ә) қауын Б) қарбыз Г) асқабақ
4. сабақтың ішкі құрылысы неше бөлімнен түрады?
А) 2 Ә) 4 Б) 3 Г) 1
5. Тін қандай қызмет атқарады?
А)Беріктік қасиет береді Ә) ішке оттегін өткізеді
Б) күн саулесін өткізеді Г) қолайсыз жағдайлардан қорғайды
5-кезең .Өсімдіктің көбею мүшесі-гүлге байланысты тапсырмалар
2) Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық).
1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан.
2. Тозаң ұясы бар.
3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.
4. Үлпекке айналған бөлігі.
5. Жәндіктер қоректенеді.
6. Шірне бөлетін бөлігі.
7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.
8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.
9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.
10. Хош иіс шығаратын бөлігі.
11. Мойны бар.
6 –кезең соңғы мүмкіндік
Осы кезеңде мұғалімнің айтқан тұжырымымен келіссе иә деп келіспесе жоқ деп жауап береді.
1.Адыраспан бөлме өсімдігі ( жоқ)
2.Кактус компьютердің адамға тигізетін, зиянды әсерін азайтатыны рас па? ( иә)
3.Шырша қысы –жазы жасыл болатын ағаш па? ( иә)
4.Жалбызды антисептикалық зат ретінде тіс тазалағыш паста құрамына кіреді ме? (иә)
5.Сасық шөп бөлме өсімдігі ме? ( жоқ)
6.Лимоннан сірке қышқылын жасайды ма? ( жоқ)
2-ші топ.
1.Күріш дәнді дақылдарға жатады ( иә)
2.Жүгері жеуге жарамды ма? ( иә)
3.Шығыс Қазақстанда мақта өсіріледі ( жоқ)
4.Жалбыздың иісі жағымсыз ( жоқ)
5.Сұлы жылқының тағамы ма? ( иә)
6.Бақбақтың жапырақтарын суықтаған кезде пайдаланатын жөн деген кеңес рас па? ( иә)
3-ші топ.
1.Тобылғы раушангүлдер тұқымдасына жатады (иә)
2.Бәйшешек жыл бойы өсетін өсімдік ( жоқ)
3.Еменнің орысша баламасы дуб па? ( иә)
4.Бәйшешектің орысша баламасы тюльпан( иә)
5.Тал басында қарбыз – қауын өседі ме? ( жоқ)
6.Балдыр жоғары сатыдағы өсімдіктер қатарына жатады ( жоқ)
1.Кіп-кішкентай қауғабас,
Шашы түссе дауламас ( Бақбақ)
2.Жатып жерде желіндейді,
Күз түскенше желінбейді ( Қауын )
3.Жазда жатсаң –көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң-жаның рахат табады. ( Ағаш)
4. Тәтті
Тәттінің іші қатты,
Қатынның іші тәтті. ( Өрік)
5.Айт десе жүгірмес,
Су тисе сілкінбес. ( Шөп)
6.Көздің жауын алар,
Қырға кілем жайдым. ( Қызғалдақ)
7.Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары. ( Жапырақ)
8.Компьютер жанындағы өсімдік ( Кактус)
9.Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. (Қарбыз)
10.Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты ( Алма)
11.Тәтті жемісітің бірі,
Қауақтың кішкентай түрі.
Айыбы бұтаққа ілінеді,
Айтыңдаршы кім біледі? ( Алмұрт)
Y. Рефлексия.
Білемін Білмеймін Білгім келеді
Үйге тапсырма. оқу, А,В тапсырмалары, шағын эссе «Өсімдіктерді аялау».
YI. Бағалау. Сабақты қорытындылау