"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Релаксация ойындары

10.05.2017

Релаксация  ойындары

 

1 «Көңіл күй» жаттығуы

 

Мақсаты :жағымсыз көңіл-күйден арылу,күш қуат жинау.

Бірнеше минут бұрын сіз тәртіпті бұзатын,сабаққа қатыспайтын оқушының анасымен жағымсызәңгімені аяқтап шықтыңыз.Әңгіме сіз баланы тәрбиелеп ,бақылау керектігін

айттыңыз. Осы әңгіменің аяғында оқушының анасы оны мектепте тәрбиелеу  керектігін, оның бала тәрбиелеуге жоқ екенін айтты. Сіз өзіңізді ұстай алмай әңгіме бұзылды.

 

 

2 «Ырғақ» жаттығуы

 

 Мақсаты: Өзгенің ішкі  сезімін түсіне білуге  үйрету.

 

 Бұл ойынды жұп болып басқа мұғалімммен немесе үйде басқа жақындарыңызбен орындауға болады.

 Екі адам бір -біріне  қарап, өздерінің ролдері туралы келіседі.Бірінші-жүргізуші,екінші  -

« айна».Қатысулардың қолдары кеудесіне дейін көтеріліп,алақандары бір-біріне қарап тұрады.Жүргізуші қолын қозғалтқанда,айнаның рөліндегі ойыншы  да сол ырғақты

қайталайды.Ролдер бірнеше рет ауысады.

Бұл психологиялық ойынның мәні басқа адамның психологиялық ішкі «ырғағын» сезіне

білу.Осы кезде әрбір адам  -жеке тұлға деп ойлаңыз,адамды жақсы түсіну ушін оның күш-қуатын ,мінез-құлқын,динамикасын,ішкі экспрессиясын,бағытын сезіне білу қажет.

 

3 «Мақал-мәтелдер » жаттығуы.

 

Мақсаты:Қиындықтан жол  таба білуге,дұрыс шешім қабылдауға үйрену.Бұл жаттығу сіздегі ішкі күйзелісті,нашар көңіл күйді,қиын проблемаларды,жақсы шешуге көмектеседі.Бұл проблема  сіздің мамандығыңызбен,жанұялық өміріңізбен,достарыңызбен қарым-қатынасқа байланысты болуы мүмкін.Бір кез

келген кітапты алыңыз: «Мақал – мәтелдер» немесе «Қанатты сөздер» кітапты

қарап,мақал фразаларын оқыңыз немесе қанатты сөздерді 25-30 минут ішінде ішкі

босаңсуды сезінгенше жасаңыз.

 

Мүмкін , психологиялық релаксациядан гөрі мақал-мәтелдер сіздің оң шешім қабылдауыңызға мүмкіндік берер , осы сізді тыныштандыратын шығар.

 

Тренинг: «Кездесу»

 

Мақсаты: ата –аналардың тиімді психологиялық байланыс орнату,жағымды қарым қатынас құру,оқу тәрбиенің деңгейін бағалау.

 

Нұсқау:Ата-аналарды екі шеңбер  құрып тұрғызамыз. Бірінші шеңберде сырттай,ал екінші шеңбер іштей бағытта әуен қосылған кезде айналды.Әуен  тоқтаған кезде психолог сұрақ қояды.Екі шеңберде бетпе-бет келген ата-ана сол қойылған сұраққа бір –бірінен жауап алулары керек.Тренинг  соңында әрбір ата-ана кіммен  кездескенін және

қандай  және өз баласы туралы сұрақ бойынша  мәлімет береді.

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст