«Ашықтық, бейбітшілік, үміт рәміздері»
Менің Отаным, менің мекенім-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Тұғыры биік, даласы кең- байтақ, азат, егеменді, біртұтас ел-Қазақстан.
Тәуелсіз Қазақстан. Осы сөздердің астарында қанша мағына жатыр! Бұл сөздер – ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы аңсаған
арманы. Сол тәуелсіздік жолында қазақ халқы не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан жұт та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқына ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. 1916 жылғы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне, қазақ еліне ауыр жара салды. Сонда да «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы мақсатына жетіп, Егеменді ел атандық! 1991жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тәуелсіздігі» жарияланған болатын. Міне, айтулы мерекеге биыл – 26 жыл толмақ. Сол күннен бастап «қазақ» деген ұлт, «Қазақстан» деген мемлекет танылды. Міне, нағыз құндылық, ашықтық нышаны – Тәуелсіздік!
Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігін, елдігін айқындайтын белгілер-рәміздер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері – Ту, Елтаңба ,Әнұран. Осы рәміздердің әрқайсысының терең мағынасы, тарихы бар. Ендеше әрқайсысына тоқталайық.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР мемлекеттік туының авторы – суретшi Шәкен Ниязбеков. 1992 жылы еліміздің рәміздерін жасауға байқау жарияланды. Тудың жобасын жасауға ТМД елдерінен, Түркиядан, Монғолиядан, Германиядан 1200 суретші қатысып, одан қазақ суретшісі Шәкен Ниязбеков жеңіп шығады.Тудың ортасында алтын түсті күн, оның астында қалықтап ұшқан дала қыраны, шетінде қазақ ою-өрнегі бейнеленген көк түсті мата. Бұл жай ғана мата емес, қанша қазақ аңсап күткен, бабалар қанын төккен киелі мата. Көк түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанды білдіріп, Қазақстан
халқының бірлігін, ынтымақтастығын аңғартады.
1992 жылы еліміздің рәміздерінің бірі елтаңбаның жобасын жасауға да сайыс жарияланады. Мұнда Ш.Уәлиханов, Ж. Мәлібеков жеңіске жетті. Елтаңба – дөңгелек пішінді және ортасында шаңырақ, шаңырақтың екі жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнеленген. Жоғары жақта жарқылдаған бес бұрышты жұлдыз, төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу орналасқан. Елтаңбаның ең негізгі бөлігі – шаңырақ болып табылады. Ол – елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп негізгі – отбасының бейнесі. Шаңырақ
отбасы бейнесімен бірге әлем тұтастығын, халық бірлігін білдіреді.
Ендігі рәміздердің бірі – ел әнұраны. 2006 жылы ел әнұраны өзгереді. Оны жазған атақты ақын Жүмекен Нәжімеденов болатын. Оның әнін дүниеге әкелген қазақ саз патшасы Шәмші Қалдаяқов болатын. Бұл әнұранның тағы бір авторы бар ол – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әнұран – халық жүрегінің соғуы, армандардың өшпес мұрасы болып саналады. Менің ойымша, аталып шыққан осы үш рәміздер – бейбітшілік,бірлік, ынтымақтастық нышаны болып табылады.
Бейбітшілік нышаны ретінде рәміздермен қоса, бейбітщілік құсы – көгершінді алуға болады. Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Қазақ халқы да осы құсты дәріптеп, киелі санайды.
Қазақтың ақын-жазушылары, композиторлары өздерінің шығармаларын көгершінге арнап жазған екен. Мысалы, халық әніне
айналған А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әні, Т.Бердібектің «Көгершінмен сырласу» өлеңі және тағы да басқалары. 1949 жылдың
20-25 сәуірі аралығында Париж және Прага қалаларында бір мезгілде бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі
өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталысымен АҚШ пен КСРО әлемдегі екі алпауыт мемлекет атом бомбасын жасап,
тіпті бірі Жапонияның екі қаласына тастап та үлгеріп еді. Дәл осындай қатыгездіктер Конгресстің өтуіне себебші болды. Бейбітшілік жақтаушыларына шұғыл түрде танымбелгі керек болады да, олар атақты Пабло Пикассодан таным белгі үшін сурет салып беруін сұрайды. Осылайша дүниеге тұмсығымен зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершіннің сұлбасы келеді. Көгершін «бейбітшілік
құсы» деген атаққа осылай ие болған екен.
Үміт нышаны – келер ұрпақ. Себебі, келер ұрпақ-ел болашағы. Елдің сенімі, елдің үміті болып табылатын ұрпақты жан-жақты
жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени етіп тәрбиелеу адамдардың қоғам алдындағы зор борышы. Ұрпақ тәрбиесін тал бесіктен
бастауды ұсынады. Осы ретте қазақ халқының ғұлама ұлы М.Әуезовтың «Ел боламын десең, қазақ, бесігіңді түзе!» деген қанатты сөзі ойға келеді. Бала тәрбиесінің алтын бесігі –отбасы. Бұл шағын әлеуметтік топ-бала үшін өмір мектебі. Ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. «Ұяда не көрсең, Ұшқанда соны ілерсің» дегені осы.
Әрине, елімізді көркейтетін, алға тартатын тек белсенді жастар. Елбасы, Н.Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар,
ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Жас ұрпақа ақылгөй ел алыптары жол сілтеп, дұрыс пен бұрысын айтып, жетекші болуы керек.
қорыта келе, біз, жас ұрпақ, Қазақстан Республикасының болашағын бүгіннен бастап ойластыруымыз қажет. Қазақстанның
мәртебесін бірге көтерейік, достар!
Смагулова Арай 9 сынып