Жемқорлық – жегі құрт
Қазір XXI ғасыр-жаңа өмірде, жаңа ғасырда,жаңа қоғамда бұрынғыға қарағанда
өзгеше өмір сүрілуде. Бұрын адамды мазалаған сұрақтарға жауаптар табылып, әлем техника, экономика, индустрия жағынан дамып, жетістіктерге иеленіп жатыр. Жетістіктермен
қатар шешілмеген күрделі мәселелер де бар.
Елде билік, ақша,ұрлық, жемқорлық,зорлық-зомбылық басым. Неге бұның бәрі біз өркендегенін қалайтын, жақсы көретін, сүйікті елімізде болып жатыр? Менің ойымша, бұған
себеп-нарықтық экономика және бәсекелестік. Сондай-ақ, бірінші кезекте рухани
құндылық емес, ақша тұрғаны бәрімізге мәлім. Қазіргі қоғамда ақшаның иесі, бүкіл әлемге ие.
Бүгінгі күні басты мәселелердің біріне айналғаны-коррупция, жемқорлық. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай қалған мәселе. Тіпті, елімізде қабылданған түрлі заңдар да,атқарылып жатқан жұмыстар да, осы мәселенің толық шешімін тапқан жоқ.
Әуелден, «Жемқорлық дегеніміз не?» деген сұраққа жауап тауып алайық. Жемқорлық-мемлекеттік басқарудағы жоғары лауазымдағы қызметкерлердің жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пара алу болып табылады. Жалпы, «жемқорлық» деген түсініктің мағынасына «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, түсіндіруге болады. Ежелгі Рим құқығында «corrumpire» делінген түсінік болған, ол «сындыру, бұзу, жалғандау , пара» деген мағынаны білдіреді екен. Жемқорлық туралы алғашқы жазба деректер Көне Бабырдың б.з.д. XXIV ғасырдағы мұрағаттарында кездеседі. Бірінші жемқорлық әрекеттерін шектеу заңнамасы Ресейлік III Иванмен жазылған. Осыған негізделе отырып, бұл құбылыспен күрес тарихи тереңдікте жатқанын білуге болады.
Жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі күрделі мәселе болып
табылады. Тек Қазақстанның ғана емес, тамырын тереңге жайған бұл мәселе бүкіл әлемді қамтып жатқаны белгілі. Және де оны жою жолында әр алуан жолдар қолданылып жатыр. Мысалы: 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойылған болатын. Қазақстан осы конвенцияға сай басқа мемелекеттерге қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданған еді.
Жемқорлық жалпы елдің және оның әрбір азаматының әл-ауқатын азайта отырып, экономика саласы жөнінен мемлекетке нұқсан келтіреді. Оның үстіне, халықтың биліктегілерге деген сенімінің мүлде жоғалуына әкеп соғуы мүмкін болары анық. Бұл мәселемен күресуге бола ма? Күресуге болады, күресу керек және күресуге тиіспіз. Ол үшін не істеу қажет? Менің ойым осындай. Біріншіден, мемлекеттік билікте ақпарат қызметінің ашықтығы болуы тиіс, яғни билікте болып жатқан оқиғалар ашық түрде жария болып тұруы қажет. Екіншіден, шенеуліктердің жұмысын бақылауға арналған түрлі құрылымдар жасау керек. Және үшіншіден, жалақыны шын мәнінде қажеттілерге көтеру керек.
Жемқорлықтың жойылуын қарастырар болсақ. Онда қоғамның барлық күшін
біріктіріп, осы дерттің әрі қарай ұшықпауын қадағалауымыз қажет. Жемқорлықпен
күрес күнделікті болуы тиіс. Бұл әркімге, әр адамға байланысты. Осы мақсатта
біз өз жұмысымызды, өз міндетімізді адал орындауға тиіспіз.
Біздің қоғамда жемқорлыққа орын жоқ!
Колутон орта мектебінің
10 «А» сынып оқушысы
Смагулова Арай