"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен және менің балам» ата-аналар жиналысы

07.02.2018

Жиналыстың тақырыбы: «Мен және менің балам»

Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата –ана тәрбиесі, өнегесі және ата – ана балалардың бас ұстазы екендігін түсіндіру.
Көрнектілігі: қанатты сөздер «Отан отбасының басты ұясы», «Адамның адамшылығы

ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»
Барысы: Шаттық шеңбер

Жаттығу: «Біз екеумізұқсаймыз...»

Шарты: ата-аналар екі шеңберге тұрады (Сыртқы және ішкі). Қарсы тұрған адамға (сыртқысы немен ұқсайды, ішкісі немен айырмашылығы бар екенін айтады). Сосын он жаққа қадам жасап, басқа адаммен тұрады.

Кіріспе сөз.

«Ана сүтімен сіңген», «Ұяда не көрсе, ұшқанында соны іледі» дегендей Ата -ана – баланың өмірінде  ең бірінші тәрбиеші  болып келеді.

Бүгінгі жиналысымызға мен сіздерге бір нақыл оқып берейін                                                                                                                 

Адамдар өмірлерін ақылсыз өткізіп, құзға келіп тіреліпті. 

- Енді не істейміз? – деп адамдар ойланып, ақыл сұрауға бір биге жолығыпты.

- Сіздерге көмекке таңғы жұлдыз туғанда  Мәңгілік Жолаушы келеді. Тек сол сіздерді

құтқара алады депті.

Адамдар бар үміттермен түні бойы Қария айтқан Жолаушыны күтіпті.

- Өткен адамдардың киімдеріне, келбеттеріне қарап, бір –біріне мынау ма ,жоқ басқасын күтейік деп тұрыпты.

(Біреулері ақ киімді болады,  немесе ақсақалды қария болу керек депті)

Солай  өмірлерің құтқаратын адамды күтіп тұрғанда аспанда таңғы жұлдыз да туыпты.  Әр жақтан бозторғайдың  әні, сәбидің жылағаның, жылқының кісінегені естіліпті.

Бірақ адамдар  айтқан Мәңгілік Жолаушыны көрмедік деп  шағыммен қарияға тағы

да барыпты.

(Ата-аналарға сұрақ қою: Кім екенін білесіздер ме?)

- Сіздер сәбидің жылағанын естідіңіздер ме? – деп сұрапты .қария

- Иә естідік. Ол жаңа туған сәбидің  дауысы ғой! – жауап беріпті таңдана адамдар.

- Мәңгілік Жолаушы сол !Сіздердің балаларыңыз сіздерді құтқарады!

  Осы мысалды қорыта келсек. Мен сіздерге үшбұрыш құрған дөнгелектерді ұсыныйын дегем.  Сіздер дөнгелектер ішіне үш әріпті жазыңыздар Б-бала, А-ата-ана, Ұ-ұстаз

Осы ұшбырышты талдауға беріледі.

Қорыта келгенде, балаларымыз біздің өмірімізде  тірек, көмекші, көзжарығымыз... болады.

- Баламыздың ішкі дүниесі – ол ыдыс деп айтайық. Біз сол ыдысты қандай адам қасиеттермен толтырсақ, балаларымыз сондай толы ыдысымен өмірлерінде жүреді .

Енді біз  осы ыдысты жүректерімізбен болашақта қанадай азамат болып өскенің көргіміз келеді жазып ыдысты толтырып қояйық.

  Суретті талқылауға уақыт  беріледі.

  Рефлексия: «Сыйлық» жаттығуы.

 

Кері байланыс: Ватманға

Не күттім. Не ұнады. 


Қорытынды.

Бала өмірдің жалғасы. Балаға өнер үйретіп тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Жанұяның жемісі алтын тірегі, діңгегі – бала. Әр ата – ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы, жауапкершілігін еш уақытта ұмытпауы тиіс. Егер ата – ана баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекқор етіп тәрбиелесе онда еліміздің болашағы жарқын деп айта алар едік. Кейбір ата –

аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп баланың бетінен қақпай көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайлықпен қарайды.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1180


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст