Тақырыбы: «Ерке бала кім үшін ...»
Мақсаты: Ата-аналарды бала тәрбиесіне көңіл бөліп, баланы жаман әдеттерден аулақ қылуға, ұлға –ұлдай, қызға – қыздай қарап, еркеліктен, жауапсыздықтан, қырсық, қиын мінезден сақтауға, талапты, еңбекқор азамат етіп өсіруге ықпал жасау, ой салу,
тәжірибемен бөлісу.
«Баланың жақсысы –
ата-ананың абыройы, ары.
Жаманы – қайғысы, азап-соры.”
В. Сухомлинский
Тәрбие барысында қарым-қатынасы бұзылмайтын үштік одағымыз бар.
Олар-қоғам,отбасы,мектеп.Бұл үш ұғым бір-бірімен өрілген жіптей астасып жатыр.
Сондықтан оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Отбасында алған тәрбие
қоғамдық орында жалғасын табады. Әсіресе бала тәрбиесіне отбасында ерекше мән
берілуі тиіс. Себебі, бала барлық жағдайда осы жастан бастап қалыптасады. Отбасында да, мектепте де бала тәрбиесіне көңіл бөлінеді.
Отбасындағы тәрбиеде ата-аналар қандай жағдайда өз балаларына тәрбие
тағылымын бере алады, яғни күнделікті үйде балаға көңіл бөліп, жұмысын
ұйымдастырып, кемшіліктеріне дер кезінде ескерту жасап, қадағалау үстінде болса
онда балаларда жағымды мінез-құлық қалыптасады. Ондай отбасылары елімізде
баршылық, осындай ата-аналарымыз үшін тек қуануға болады. Баланың жақсы-жаман болуы ата-анаға байланысты. Отбасында ата-ана қандай үлгі-өнеге көрсетеді, осыны бала қайталайды. Тәрбиеде отбасында неге сүйену керек? К.Д.Ушинский айтып кеткендей халықтық тәрбие, халықтық дәстүрге сүйену керек. Неге десеңіз, ғасырлар бойы қалыптасқан ата-аналар, әжелер тәрбиесі отбасының қалыптасуына үлкен көмегін тигізеді. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген бабалар өсиеті
осының дәлелі. Бізге ешқандай артық дүниенің керегі жоқ. Тондай пішіп қойған
халықтық дәстүрімізден сусындасақ жеткілікті.
Тренинг: "Өмір айналымы"
1 айналым- балалық шақ
2 айналым - қазіргі уақыт
3 айналым- біз әжеміз
Ой түрткі:
1. Балаңызды еркелетесіз бе? Жалпы баланы еркелетуге көзқарасыңыз қалай? Пікіріңіз, дәлеліңіз
2. Баланың отбасындағы еркелігі ол есейгенде оның мінезінің қалыптасуына кедергі келтіре ме? Пікіріңіз, дәлеліңіз
3.Қазіргі жастардың отбасындағы тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? Не жетпейтін сияқты? Пікіріңіз, дәлеліңіз.
4.Баланы заман тәрбиелей ме, әлде адам тәрбиелей ме? Пікіріңіз, дәлеліңіз.
5. Қиқар бала, қиын бала қайдан шығады? Оған кім кінәлі? Пікіріңіз, дәлеліңіз
6.Ерке бала кім үшін керек? Мектепке ме, ата-анаға ма?
7. Отбасылық жанжалдарға балаңызды араластырасыздар ма?.....
"Балаға махаббатым" (тәрбие барысында балаға махаббаттарынды қалай
білдіресіңдер?)
Пікірталас
Алдарыңызда сұрақтар жазылған парақшалар жатыр.Оларды ашып өз ойыңызды айтып дәлелдеңіз.
1. Сіздің балаңыз өте ерке. Бір орында отырмайды. Мұғалімге сабақ беруге мүмкіндік бермеді. Қасындағы құрбыларына да маза бермейді. Үнемі осы әдет. Мұғалім сізге шағым жасады. Не істейсіз? Бұл неден туындайды?
2.Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
3. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Мұғалімдермен тіл табыса алмайды? Қалай жөнге келтіресіз?
Менен бір кеңес
1- кеңес. Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала елден ерек екенмін деген сезімде болмауы, басқыларды құрметтеуді ұғынуы жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.
Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. Бала бір үйлі жан өзімнің соңымнан шырық үйірледі дейтін сезімде болмауы керек. Көзінше дәріптеп, мадақтауға болмайды.
2-кеңес. Баланың ырқына жүгіре бермеңіз. Бала не талап қойса да елпілдеп, айтқанын да, айтпағанын да алып беруге болмайды. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет, қайсысының қажет емес екенін айтып, түсіндіріп қоюы қажет. Өйтпеген жағдайда бала ысырапшылық әдетке дағдыланып қалады да, басқалардың еңбегін қадірлеуді білмейтін болады.
3- кеңес. Баланың дербестігін тартып алмаңыз.Оның ана ісіне де, мына ісіне де алаңдап қолынан келетін істеуге болатын істерінің бәріне араласа беруге болмайды. Ондай бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын жалтақ болып қалады.
Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы. Баланы жастан бақпасаң жамандықтан қақпасаң қадірден жұрдай қасқа боп, кешкенің өмір босқа тек дегендей баланаң ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. «Баланың бас ұстазы – ата-анасы»демекші, «Ата –анаға көз қуаныш, алдына алған еркесі»- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы гүлденген үміт арманы тек перзент сүю оны тәрбиелеу екенін айтқан екен. Ендеше ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың бас үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.