14.10.2019 Колутон орта мектебінің 11 "А" сынып жетекшісі Смагулова М.Ш. "Ас атасы - нан" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты: Ардақты, асыл дәм – нанды қадiрлей бiлу, ұқыптылықпен қарау; еңбектi бағалап, сүйе бiлуге үйрету, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекiлiгi: мақал-мәтелдер, суреттер, нақылсөздер.
І.Барысы
Мұғалiм: Бiздiң республикамыз – қазақ халқының қасиетi дарыған алтын дәндаласы. Дәндегенiмiз – нан. Нан – бақытты өмiрдiң бастауы, өзегi. Нан – қасиет, нан - береке, нан - мереке, нан сән-салтанаттың алтын дiңгегi. Атамыз ерте де ардақтысын нан мен қарсы алып, алыс сапарға бiр уыс топырағы мен бидай күлшесiн берiп аттандырған. Нан тiршiлiк ұраны. Ақ дастарқан үстiнде бiр үзiм нан жатса жарасып тұрады. Түсiне бiлген адамға бiр үзiм нан – қанша тiршiлiктiң тынысы, бiр түйiрдән – қанша адамның маңдай терiнiң жемiсi.
ІІ.Негізгі бөлім: Нанның шығу тарихынан мәлімет беру.
Тарихы.Нан - неолитдәуірінде-ақ пайда болып, даярлануы тарих тереңінде жатқан өнімнің бір түрі. Алғашқы нан жарма мен судан даярланған, сол сияқты су мен ұнды кездейсоқ немесе арнайы мақсатта тәжірибелеу қорытындысынан туындаған пісірме ботқаның түрінде болды. Қазіргі уақытта ертеректегі нанның жалғасын бүкіл әлемде әр алуан жармадан даярлайды, мысалы, мексикалық тортилья, үндінің чапатиі, қытайpoa ping-і, шотландық сұлы жұқа наны, солтүстік америкалық жүгеріжұқа наны және эфиопия инжері. Шелпек түріндегі нан көптеген ежелгі өркениетті елдердің тағамы болды: шумерлерарпа шелпегін жеді, ал б.з.д. ХІІ ғасырдағымысырлықтардың көшедегі шатырлардантадеп аталатын қатты шелпектер сатып алуға мүмкіндіктері болды. Ашытқыдан жасалған нан алғашқы рет Мысырда жергілікті жерде астықтың өсуіне қолайлы жағдайлардан пайда болды деп есептеледі, ал мұндай нанды даярлауға екі қасиетке ие болған бидай сұрпын шығару қажеттігі туындады. Мысырдың ертединастиялықкезеңінде жасалған алғашқы жетілдіруде алдын ала отқа кептірмей бастыратын бидай түрі табылды және өсірілді. Ащытқыдан жасалған нанның туындауына көмегі болған құрамында жеткілікті көп мөлшерде балауызы(ақуыз) бар бидай сұрпын табу екінші жаңалық болып табылды. Алғашқы ашытқы қамыры б.з.д. XVII ғасырдақолданыла бастады, алайда осындай қамыр илеуге болатын бидай өте сирек кездесті.
III бөлім. «Нан түрлері туралы не білеміз?»
Қиықша – қамырын жұқа илеп, жалпақтау әрі қиық-шалап кесіп алып, бауырсақ тәрізді майға пісіреді. Қиық-шамен шай ішсең дәмі қан-дай тәтті десеңші.
Шелпек – Айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. Қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді. Шелпек жеті нан, тоғыз нан болады.
Таба нан – тапаға салып пісіріледі. Пісірер алдында қамыр бетіне бармақпен басып ойық жасайды. Қалыпқа салып пісірген наннан таба нан әлдеқайда дәмді де құнарлы.
Төп – тарының шикі, піскен сөгінен, талқанынан, күріштен әзірленетін дәмді тағам. Қазанға су құйылып, тұз салынып пісіріледі де үстіне шыжық, май қосып әкелінеді.
Бөртпе – күріштен, піскен сөктен сүтке қайнатып, дайын болған соң ортасына май салып әкеледі.
Қазанжаппа — ұннан қа- мыр илеп, оны жұқалап, дөңгелек етіп жасайды да ыстық қазанға жапсырады. Піскен соң үстіне не май, не қаймақ жағады.
Жарма – қуырылған бидайды, піскен сөкті диірменге өте ұнтақтамай тартып, жарма жасап, сүтке, қаймаққа, майға, айранға былғап әзірлейді.
Күлше – қатты иленген қамырды домалақтап, сопақшалап қызуы мол қоламтаға көміп, 15-20 минуттан соң алып, жейді.
Төңкерме – қызған қа-занға бидай ұнын себелеп қуырып, басқа ыдысқа салып алып, қазанға мал майын турап шыжғырып, үстіне су, сүт құяды.
Қуырылған ұнды қосып, тұз салып, араластырады да дастарханға қояды.
Быламық – ұннан, тал-қаннан, бидай жармасынан жасалатын тағам. Ұнды, жарманы қазанға аздап қуырып алып, қойдың шыжғырылған іш майын қосып, үстіне су құйып, үздіксіз араластырып жасайды. Көбінесе қарттарға, сәбиге береді.
Нан салма – етке салатын 2-3 нан жайманы суға қайнатып пісіріп алады да алдын-ала сары майға қуы-рылған жұмыртқаны үстіне салып дайындайды.
Қолдама – сүтке немесе сорпаға иленген нанды майлы сорпаға салып пісіреді.
«Сылқ етер» — жайма наннан жасалады. Суға піскен жұмыртқаны үстіне турап салып, әкеледі. Бүркеме – жаңа піскен ақ ірімшікті қамырға орап, бетіне май жағып, табаға салып, қоламтада пісіреді.
Ботқа – дәнді дақылды суға қайнатып жасайды. Олар: күріш, бидай, жүгері, қарақұмық, лобия, тары, ноқат т.б. Бір немесе бірнеше дән түрлерінің қою қайнатысынан әзірлейді. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап майға пісіреді. Қазақтың той, мереке дастарханында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары ма жағып жесең, өте дәмді. Құймақ — ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосып, суға араластырып, сұйық күйінде қазандағы майға пісіріп әзір-лейді. Оны шаймен жейді. Қонаққа құймақ құйып берсең, қатты риза болып қалады.
Боза – дәнді дақылдардан ашытып жасайтын сусын. Олар: жас боза, қорланған боза, уытсыз, жай ашытылған мақсым боза.
Мыжыма – ыстық нанды үзіп-үзіп сары маймен шарада араластырып жасайтын тағам. Ашығып келгенде тамақ піскенше мыжыма жеп алсаң, қарның тоқ.
Қорытынды сөз.