"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2 "А" сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген "Түлкі мен тиін" тақырыбындағы ашық сабақ

17.04.2019

Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп: Колутон орта мектебі

Күні: 17.04

Мұғалімнің аты-жөні: Шокыбаева А.К.

Сынып: 2

Қатысқандар саны: 8

Қатыспағандар 0

 Бөлім

Қоршаған орта

 Сабақтың тақырыбы

А. Асылбеков «Түлкі мен Тиін» /мысал/

Оқыту мақсаттары

2.2.6.1. Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың бәрі: мысал жанрының басты белгілерін біледі.

Оқушылардың көпшілігі: мысалға сүйеніп сурет бойынша диалог құрастырады.

Кейбір оқушылар: мысал кейіпкерлерін сипаттайды, іс-әрекетіне баға береді.

Дескриптор

Жұмбақты шеше алады.

«Күн шұғыласына» түлкі мен тиін туралы не білетінін жазады

Мысалды түсініп оқи алады.

Кестені мысал бойынша толтыра біледі.

Кейіпкерлер аарасында диалог құрастыра алады.

Құндылық

табиғатқа құндылық қатынасқа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ғаламтор, мультимедиялық оқу құралы

Алдыңғы білім

Сүп-сүйкімді лағым /Еліктің лағы/

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

 

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту:

Психологиялық ахуал

Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз ! 
Баршаңызды 
құрметтеп,
Бас иеміз біз!


! Топқа бөлемін : «Түлкі мн тиін» суреттері арқылы топқа бөлінеді

Үй жұмысын сұрау.

Сол күнгі ауа – райы қандай еді?
-Аңшы неге ызаланды?
-Елікті атуға неге батылы бармады?
-Аңшы орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?

Ой сергек: қарамен жазылған сөздерге мән бере жаттап, қайталап айту:

Ағаш басында тиiн

Тауып қуыс иiн,

Жасап алып ін 

Иiн – ағаштың, бұтақтың иiлген жерi.

 

 

Сабақтың ортасы

30–35 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны ажырату

Ой қозғау 

«Жұмбақтар»
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. 
(Түлкі)
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғарылап кетеді. 
(Тиін)
-Бұл екеуі неге жатады?
-Аңдар неге тірі табиғатқа жатады?

1.Аңның аты – ...

Жүрген жері күлкі,

Тақырыпты болжау

Сабақтың мақсатымен таныстырып, күтілетін

нәтижені оқушылармен бірлесе анықтау.

Тұжырым.

Автор туралы мәлімет:

А. Асылбеков (1. 5. 1938 ж. т., Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Үшарал а.) – ақын. Мектепте мұғалім, облыстық газетте, республикалық қазақ радиосында әдеби қызметкер, редакторлық жұмыстар атқарған. Балаларға арнап жазған 300-ден астам шығармалары бар.

Сабақтың мақсатымен таныстырып, күтілетін

нәтижені оқушылармен бірлесе анықтау.

 

 

 

 

Тірек сызба

 

 

 

 

Мультимедиялық оқу құралы

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқылым.

А. Асылбековтің «Түлкі мен Тиін» мысалы.

Мысалды рөлге бөліп, мәнерлеп оқу.

3.Рольге бөліп оқыту (Түлкі, тиін, автор)
4.Сұрақтармен жұмыс.
- Түлкі тиінге кездескен сәтте не деді?
-Тиін оған қалай жауап қатты?
-Сол сәтте қандай жағдай болды?
-Қай анның айласы басым болды?
5.Өлеңнің толық мазмұнын айту
6.Өлеңдегі негізгі ой не?


Мысал дегеніміз не?

Мысал- қысқа оқиғалы шығарма.Мысалдың кейіпкерлері аңдар,құстар,жануарлар,өсімдіктер болады.Мысалда кемшіліктер сыналады.Ақыл-кеңес айтылатын қортынды ой болады.

Сөздіктермен жұмыс.

Дәптермен жұмыс

Сөздіктерді дәптерге жазу.

Қиыр – алыс.

Маң – өте жақын жер.

Жайрады – сұлап жатты, өліп жатты.

Топтық жұмыс.

Жазылым.

 

Топпен жұмыс.

Осы түлкі мен тиін туралы не білесіңдер?

Күн шұғыласы суреті бойынша не білетіндерін

2-тапсырма
І топ. «Тоқсан тоғыз айлалы» дейтін сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.
ІІ топ. «Тайраңдар» сөзінің мағыналас қатарын тауып көр.

Сахналау
Сахналау
Әр топтан өздері келісіп алып сахналайды.Қай топтың сахналау өнері жақсы екенін айтып,бағалау

6-тапсырмадағы кесте толтырылады: мәтін неге мысалға жатады деп ойлайсың? Мысалдағы кейіпкерлерді ата. Түлкінің 3–4 айласын ата. Тиіннің жалғыз айласы қандай? Мысалдағы қорытынды ой айтылған жолдарды тап.

Дескриптор:

Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере алады.

Бағалау.

Жұптық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар

А – Вен диограммасын толтыру

В-  Оқулықтағы суретке зер сал. Мысалға сүйеніп, кейіпкерлер арасында диалог құрастыр.

С- Түлкі жайында тағы қандай ертегілер білесіңдер

Бағалау. Қол соғу арқылы мадақталады.

Ой толғау.

Мысалдан қандай қорытынды шығардың?

Ой қорытыу  

Өмірмен байланыс.
-Мысалдан қандай ой түйдіңдер?
-Мақтаншақтық т.б. жаман әдеттен аулақ болу керек.
-Өмірде ақылды, тапқыр шешім қабылдай білу керек деген ой түйдік


-Сендер осы тақырыптан не үйрендіңдер? 
-Қандай жақсы қасиеттерді бойымызға алдық,үйрендік? 
-Қандай жаман қасиеттерден жирендік? 
Жақсы қасиеттер: 
Еңбекқор 
Ақылды 
Жаман қасиеттер: 
Жалқау 
Айлакер 
Қорытынды.
-Сабақта сендер қандай жұмыс түрлерін орындадыңдар? 
(жұмбақ шештік т.б) 
-Осындай жұмыс түрлерін бір сөзбен қалай атауға болады? (Еңбек) 
-Сендердің мектептегі басты еңбектерің не? (оқу) 
Ендеше, оқу, еңбек туралы қандай мақал-мәтел білеміз? 

 

 

 

 

 

«Мадақтау»

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың

 

соңы

5 минут

«Гүлдер»

Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?

     

«Білім қоржыны» кері байланыс

Үйге: мысалды мәнерлеп оқу.

Рефлексия. Екі кейіпкердің іс-әрекетіне баға беру.

 
         

Қосымша мағлұматтар

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықтымеңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс 
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

А, А + ойын анық, түсінікті жеткізе алу.

Жетістік критерийлері арқылы,

қол соғу арқылы.

Құндылықтарды дарыту:

ынтымақтастық,

құрмет.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.

Тәрбиелік мәні: табиғатқа құндылық қатынасқа тәрбиелеу.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

 

 

 

Бүгін 20 сәуір 2018 жылдың сәрсенбі күні түскі 14.45-те екінші 2 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен IV тоқсан «Қоршаған орта» бөлімі бойынша А.Асылбековтың «Түлкі мен Тиін» мысал тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

Оқыту мақсаттары: 2.2.6.1. Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары арқылы сабағымды жүзеге асырдым деп ойлаймын. Бүгін оқушылар:

жұмбақты шешуді, «Күн шұғыласына» түлкі мен тиін туралы не білетінін жазуды, мысалды түсініп оқуды,

кестені мысал бойынша толтыруды, кейіпкерлер аарасында диалог құрастыруды үйренді.Сыныптағы ахуал, оқушылардыңқарым-қатынасыжоғары деңгейде болды.

Жоспарлаған уақытымды ұтымды пайдаландым деп ойлаймын.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):

  1. Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттай алуы
  2. Мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере алуы

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1. Сынып реттілігін қадағалау

2. Мысалға сүйеніп, кейіпкерлер арасында диалог құрастыру

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

«Қалыптастырушы бағалау» тапсырмаларын беру

 

          

Просмотров: 2206


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст