"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

0 "А" сыныбында "Ас атасы - нан" тақырыбында өткізілген ашық сабақ

17.04.2019

Пән

Сөйлеуді дамыту

ТАҚЫРЫБЫ:

 

Ас атасы  нан

Күні: 17. 04. 2019ж.

Педагогтің аты-жөні:  Каркенова А.К.

Мектепалды даярлық топ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1 Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау.

0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану

0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда  әдептілік сөздерін қолдана білу

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Нанның дастарқанға келу жолын тізбектеп айтып бере алады.

Кейбір тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық

мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сөздік қорын кеңейтеді.

Көптілділік: нан  хлеб  bread

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

дәнді дақылдар, ұн өнімдері, қара нан, ақ нан.

Пікір алмасу сұрақтары:

Нанның қандай түрлерін білесіңдер?

  Нанның адамға пайдасы қандай?

  Қырман деген не?

  Диқаншының жұмысы қандай?

 Диірменде не шығарылады?

 Наубайханада не пісіреді?

Өткен ҰОҚ

алған білім

Көгөністер мен жемістердің пайдасы туралы айтып бере алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут

 

 

(Ө) Шаттық шеңбері

Аспанымыз ашық болсын,

Нан көп болсын.

Анамызаманболсын                                              

Балалар дос болсын.

 

 

ІІ.Мақсатты болжам.

3-5 минут

 

ҰОҚ ортасы

ІІІ.Тақырып бойынша жұмыс.

6-27 минут

Жұмбақ шешейік.

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар. (Бидай)

 

Талқылау барысында сабақ нан туралы болады деп болжамдайды.

– Бидай қайда өседі?

– Бидайдың басында не болады?

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Педагог өлең оқиды.

 Өлеңде не туралы айтылады?

 

Дән Жарып шыққан қауызын, Дән - өмірлік азығың. Жегеніңде ақ нанды

Нәрге толар ауызың.

Ерте тұрып ақ таңнан

Қара жерге нәр құйған,

Айналайын диқаннан

Егін егіп, нан жиған.    (Әнуарбек Дүйсенбиев

– Өлеңде не туралы айтылады?

– «Жарып шыққан қауызын» дегенді қалай түсінесің?

– Бидай – қауызды жарып шығады.

– Егінді кім өсіреді?

Әліппе-дәптермен жұмыс

2-тапсырма. Нанның дастарқанға келу жолын ретімен әңгімелеп айтып бер.(суреттерді пайдаланып анның дастарханға келу жолын түсіндіру)

– Нан жасау үшін қанша мамандық иелері еңбек етеді? ( диірмен, наубайхана

Көптілділік: нан  хлеб  bread

Далада өсетін дәнді дақылдармен тақтадағы суретке қарап таныстыру.

Арпа, бидай, сұлы, жүгері – бұлар дәнді дақылдарға жатады. Егістік далада өсетіндіктен дәрумендерге бай, организмге пайдалы. Дәнді дақылдардың барлығынан ұн жасалады. Әртүрлі дәннен әртүрлі нан жасайды, оларды «нан өнімдері» дейді.

– Ұннан жасалатын өнімдерді не дейміз?

– Олар несімен пайдалы?

– Қандай нан түрлерін  білесің?

 

 

 

 

Әліппе-дәптермен жұмыс:

3-тапсырма. Нан түрлерін ата, бидайдан басқа қандай дәнді дақылдарды білесің?

Егер нан ақ болса, ...  (ақ бидайдан)

Егер нан қара болса, ...  (қара бидайдан)

Тағы қандай нан болады?

4-тапсырма.

Мақалдардың мазмұнын түсініп ал.

Ас атасы – нан.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Нан болса, ән де болады.

Арпа-бидай ас екен,

Алтын-күміс тас екен.

Педагог балалармен бірге мақалдардың мағынасын талқылайды.

Ойын: «Сөйлемді жалғастыр».

Бидайды егіп, күтіп-баптайтын адам - ... . Піскен бидайды жинайтын техника - ... . Бидайдан ұн тартатын жер - ... .

Ұннан нан пісірілетін жер - ... .

Әліппе-дәптер

Әліппе –дәптер

 Сюжеттік суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диқаншы

Комбайн

Диірмен  

 

Әліппе-дәптер

ІV.ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия

28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау:

 өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан бидай дәндерін түсті қарындашпен бояуын сұрау:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар

 

      

Просмотров: 1030


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст