Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Квадраттық функция |
||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 28.01.2022 ж. |
Мектеп: Колутон ауылының ЖОББМ |
Мұғалімнің аты-жөні: Райымбек Самат Рашидұлы |
||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 «А» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Квадраттық функция және оның графигі |
|||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.4.1.3. түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу; 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу. |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
|
|||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушы: квадраттық функция графигін салу алгоритмін, қасиеттерін сипаттайды, өз шешімін негіздейді, коэффициенттеріне байланысты квадраттық функциялардың графиктерінің орналасуын пайымдайды. |
|||||||||||||||||||||||||||
Терминология: квадраттық функция, график, қасиет, аргумент, парабола, парабола төбесі, парабола тармақтары; симметрия осі, функцияның нөлдері. |
||||||||||||||||||||||||||||
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - парабола тармақтары ... бағытталған; - график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан; - квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >); -параболаның симметрия осі; өсу, кему аралықтары ... |
||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Бірлескен жұмыста оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, белсенді әрекеттер арқылы белсенді азаматтық көзқарасты тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
«Астанаға саяхат» деп аталатын «Go to» тапсырмасында география пәнімен байланыс орнатылады. Тапсырманы орындай отырып оқушылар Астанаға барып қайтқандай әсер алады, пәнге деген қызығушылықтары артады. «Айман Шолпан» музыкалық комедиясына байланысты тапсырмада тарих пәнімен байланыс орнайды. |
|||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану |
https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/8-synyp/kvadrattyq-funkcziya GEO GEBRA бағдарламасы |
|||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
«Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін салу дағдылары, соның ішінде у = ах2 функциясының. түрдегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу. |
|||||||||||||||||||||||||||
Саралау |
Қолдау тұрғысынан жасалады: бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда оқушыларға әртүрлі қолдау жасалады. Диалогта оқушылардың деңгейіне қарай жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қолданылады. |
|||||||||||||||||||||||||||
Бағалау |
Оқушылардың жұмысын бақылау, оларға қосымша сұрақтар қою, диалогқа тарту, кері байланыс беру. |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 6 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа кешікпеуін қадағалау. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Танысу.
Үй тапсырмасын тексеру. Қателермен жұмыс жасау. Дайын жауаптар арқылы өзін-өзі бағалау.
|
Презентация |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут
|
Жаңа сабақ:
Презентациядағы мысалдар қарастырып, сұрақ қою арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі. Тақырыптың мағынасын оқушылар диалогқа араласа отырып өздері ашады.
Оқулықпен жұмыс |
Презентация
8 сынып, Алгебра оқулығы, Алматы «Мектеп» 2018 ж. |
||||||||||||||||||||||||||
9 минут |
Өткен сабақпен байланыс орнату: Тапсырма № 1. «Астанаға саяхат» тақырыбындағы «GO TO» (Келесіге жүр) ойыны ойнатылады. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Тапсырмалар қабырғаларға ілінеді . 4 станцияның кез-келген біреуінен бастап тапсырманы орындайды. Дұрыс жауап нұсқасындағы келесі станцияға барады. Жауапты станциялар тізбегі түрінде көрсетеді.
|
Суреттер мен тапсырмалар
Қосымша 1 |
||||||||||||||||||||||||||
10 минут |
Тапсырма №2. Берілген функциялардың графиктерін салыңдар және функциялардың қасиеттерін сипаттаңдар: №1 нұсқа.
Жауабы: А(-1;-4).
№2 нұсқа.
(Оқушыларға параболаны үшкір етіп салуға болмайтындығы ескертіледі)
Әр нұсқада бір мықты оқушы тапсырманы торкөзі бар плакатқа орындайды. Қалған оқушылар дәптерлеріне салады. Соңында салыстырылады, талданады
Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушыларға тақтада GEO GEBRA бағдарламасында салынған график көрсетіледі. Оқушылар өз сызбаларымен салыстырып, дайын жауап арқылы өзін-өзі бағалау орындалады. Екі мұғалім де аралап, оқушыларды тексереді.
«График Ох осін қимай қалатын жағдай кездесуі мүмкін бе? Жауабыңды негізде» деген проблемалық сұрақ қоямыз. |
Қосымша 2
Кеспе парақтары, презентация
|
||||||||||||||||||||||||||
7 минут |
Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар
«Айман-Шолпан» комедиясына байланысты тапсырма Тапсырма №3 №1. Абсциссасы 1-ге тең у=2х2+3х–4 функция графигіндегі нүктенің ординатасын табыңдар. №2. у=2х2–3х–4 функция графигінің ординатасы 5-ке тең нүктенің оң таңбалы абсциссасын табыңдар. №3. у = х2 + 45 және у = х2 + 5х функциялары графиктерінің қиылысу нүктесінің абсциссасын табыңдар. Алынған нәтижелерді төмендегі кестедегі бос орындарға толтырыңдар, сонда сендер еліміздің ең үлкен театрында бірінші қойылымның болған уақытын құрастырасыңдар. Жауабы:
« » жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бірінші қойылым өтті. Мұхтар Әуезовтің либреттосына «Айман Шолпан» музыкалық комедиясы қойылды. Онда Иван Коцык өңдеген әндер мен күйлер орындалды».
Жауабы: «Айман - Шолпан» комедиясын 1934 жылы Ж.Шанин сахнаға шығарса, соңғы қойылымдар ішінде режиссер Ә. Мәмбетовтің еңбегі ерекше. Комедия 1934 жылы жеке кітап болып шықты, 1937 жылы «Әдебиет майданы» журналының 5-санында жарияланды, кейін Әуезовтің 6 томдық , 12 томдық шығармалар жинағына енгізілді.1934 жылы13 қаңтарда композитор И. Б. Коцыхтың өңдеуімен көптеген халық әндері мен күйлері енгізіліп, «Айман - Шолпан» музыкалық комедия үлгісінде қойылды.
Бағалау: мұғалімдер аралап жүріп тексереді, кері байланыс береді. |
Қосымша 3 |
||||||||||||||||||||||||||
5 минут |
Жеке жұмыс. Тапсырма №4.
а), b) тапсырмасын оқушылардың барлығы орындай алуы керек, ал с) пунктіндегі тапсырманы деңгейі жоғары оқушы ғана шығаруы мүмкін.
Екі мұғалім де аралап жүріп тексереді, қолдау қажет болса жетелеуші сұрақтар қойып отырады.
Бағалау: Дескриптор бойынша бағалау Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау. Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі. |
Қосымша 4
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут |
Сабақ бойынша рефлексия. Стикерлерге пікірлер қалдырады.
Сұрақтар қорапшасы. Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады. Үй тапсырмасы: Билимланд тапсырмалары және № 14.12 8 сынып, Алгебра оқулығы, Алматы «Мектеп» 2018 ж.
|
Қосымша 5 |
||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|
|||||||||||||||||||||||||||
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері Сынып топтық жұмысқа ыңғайлы түрде жабдықталады. Оқушыларға «Go to» тапсырмасы қабырғаларда ілулі парақшаларда беріледі, яғни оқушылар жүріп есеп шығарады. Партада дұрыс отыруы қадағаланады. Белсенді топтық жұмыс орындатылады. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауы қадағаланады.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Біз жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Біз берілген уақыт ішінде үлгердік пе?
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? 1: 2:
|
|