Күні: |
5-сынып Пән мұғалімі: Зиябай Б |
|||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Бағдаршам |
|||||||||||
Оқу мақсаттары |
5.2.2.1.- лексиканың ауызекі сөйлеу мен жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы тану; 5.4.3.1. – сын есім, негізгі, туынды сын есім туралы мәлімет беру, жаттығу жұмыстары барысында сын есімді меңгерту; |
|||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы орындай алады: – тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру; Оқушылардың көшілігі орындай алады: жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. Оқушылардың кейбірі орныдай алады: өзіндік ой-тұжырымын жазба жұмыстарында еркін білдіре алады. Әртүрлі мәнмәтіндегі мәтіндерді түсініп оқып, негізгі ойды анықтайды. Жазба жұмытарында сан есімдерді түрлендіріп қолдана алады. |
|||||||||||
Жетістік критерилері |
|
|||||||||||
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер мен тіркестер: бағдаршам, қызыл, жасыл. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, мынадай қорытындығы келдім. |
|||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті, тарих, логика. |
|||||||||||
Алдыңғы оқу |
Плутонға сапар |
|||||||||||
Жоспар |
|
|||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||||||||
Басталуы 2 минут
3 минут |
Ұйымдастыру кезеңін жүргізу Психологиялық ахуал тудыру Арақашықтықты сақтай отырып, бір бірімізге сәлемдесіп, сәттілік тілейміз! Бағдаршам түстері бойынша қатар ретімен 3 топқа бөлемін. Үй тапсырмасын сұрау «Ақылды үй» идеяларын пайдаланып, «Менің қиялымдағы болашақтың киіз үйі» тақырыбында хабарлама жазыңдар. Үй тапсырмасын бекіту Зат есім дегеніміз не? Негізгі зат есім қалай жасалады? Жалпы есім дегеніміз не? Жалқы есімге мысал келтір? Деректі зат есім дегеніміз не? |
«Сәлеметсіз бе?» тренингі
«Бағдаршам» әдісі.
Кім жылдам? |
||||||||||
Ортасы
30 минут |
Тақтаға БАҒДАРШАМ , ТУҒАН КҮН, ҚЫЗЫЛ, ЖАСЫЛ, САРЫ,ПЛУТОНҒА САПАР сөздері ілінеді. Ішінен керек емес артық сөзді алып тастайды. Ой шақыру: Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам) 1.Мәтінді оқыңдар. Негізгі ойды анықтаңдар. Ойтүрткі сұрақтарға жауап береді. Таң атқаннан кеш батқанға дейін әрі-бері жүретін сіз жол бойында үнсіз «тіл қатып» тұратын бағдаршамға күніне неше рет жолығасыз? Үш түстен тұратын бағдаршам «Тоқта!», «Дайындал!», «Жүр!» деп жанып-өшіп, қанша адамның өмірін сақтап тұр екен?! Ол түсін алма – кезек ауыстырғанда көз алдыңызға не елестейді? Бағдаршам сіз үшін қай кезде жүріп, қай кезде тоқтау керектігін түсіндіретін құрал ғана ма?.. 1.Бағдаршамның «тілі» мен адамның сөйлеу тілінің арасында ұқсастық бар ма? (Бағдаршам белгілі жол ережесіне сүйеніп, түспен көрсетеді, ал адамдар тілі арқылы сөйлеседі.)
2.Тағы қандай түстердің бағдаршам түстері секілді мәні бар? (Ақ – қайырымдылық пен пәктіктің түсі. Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қызыл – түстердің ішіндегі ең жылы түс. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Бұдан бөлек қызыл түс біздің елімізде қызбен байланыстырылады. Бұған дәлел, қазақы танымда: «қыздың көзі – қызылда». Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты білдіреді.)
Дескриптор: Мәтінді оқиды, ойларын ортаға салады. Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сын есім – заттың сындық белгісін білдіретін сөз табы. Негізгі түбір сын есімдер деп құрамы бөлшектеуге келмейтін негізгі түбір сөз арқылы заттың сындық белгісін білдіретін сөздер аталады: қоңыр, сары, қара, семіз, сұр, аласа, жылы, ірі, кіші, жұқа, қалың т.б. Туынды түбір сын есімдер деп сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған сөздер аталады: ойлы, күлкішіл, таудай, сырлас (адам), сөзшең т.б.
Сергіту сәті:
Деңгейлік тапсырмалар
1-тапсырма.Топтық жұмыстар: 1-топ. 1- деңгей.Төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен байланыстырып жазу. Салқын,терең,әдемі,жеңіл,ұзын,қатты,ақ,жасыл,күрең, әдепті,сабырлы. 2-топ. 2-деңгей. Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтап,хронологиялық кесте жазыңдар. «Пазлдарды құрастыру» әдісі. Мәтіндегі негізгі ақпаратты сақтап, хронологиялық кесте жасаңдар.
3-топ. 3- деңгей. Бағдаршамның пайдасын «Кластер» әдісімен түсіндіріңдер. 2-тапсырма. Жеке жұмыс: Жазылым. «Бағдаршам және балалар» атты жол сақшыларымен кездесу шарасы өтетіні туралы хабарландыру жазыңдар. Хабарландыру критерийлері:
3-тапсырма. 1-топқа. Негізгі, туынды сын есімдерді тауып, екі бағанға бөліп жазыңдар. Тәрбиелі, қызыл, жасыл,абыройлы, ақ, кең, ақылды, әдемі, сулы, көк, көңілсіз, сары, сұлу, сәнқой, шыдамсыз, семіз. Дескриптор: - Сын есімдерді табады. -Екі бағанға бөліп жазады. 2-топ. Осы сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрайды. 3-топ. Сын есімдерді шеңберге, басқа сөз табын сыртына жазамыз.
|
«Ассоциативті қатар» әдісі
Топтық жұмыс
Білім ленд
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
Топпен жұмыс.
«Кім жылдам?» ойыны
|
||||||||||
Соңы Рефлексия
2 минут
3 минут |
Үйге тапсырма: 5-тапсырма. «Алып шаһардағы бағдаршам» тақырыбында ертегі жазу. Бағалау |
ОӘК материалдары
|
||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|
||||||||||
Саралау Қосымша критерийлер арқылы бағалау |
|
|
||||||||||
Рефлексия
|
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
||||||||||
Қорытынды бағамдау |
Қандай екі нәрсе табысты болды? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту. |
|